Зинаида Чумакова: Елбасымен болған әрбір кездесу ыстық

Зинаида Чумакова: Елбасымен болған әрбір кездесу ыстық

Версия для печати

Кездесулер әр түрлі болады. Солардың бірі жан дүниеңе өкінішін де, қуанышын да қалдырмай өте шығады. Кейбіреуі сезімнің қылын қозғағандай әсер қалдырады да, көп уақыт өтпей ұмытылып қалады. Ал сенің өміріңнің астан-кестенін шығарып, өзгеше бір күйге енгізіп, алыс жұлдыздың жарығы сияқты сәулесін түсіріп, әлемге басқаша көзқараспен қарауға мәжбүр етіп, өзінің тұнықтығымен ұзақ уақыт бойы кеудеңізге жылулық ұялататын кездесулер де бар.

Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Зинаида Чумакова өзінің басынан өткерген ең ыстық кездесуін айтып берді.

– Менің өмірімде маңызды кездесулер бірнеше рет орын алса, олардың барлығы біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты. Олардың әрқайсысы менің жүрегімде өзінің даналығымен, адам сүйгіш парасаттылығымен, ақыл мен таланттың ұлылығымен өшпес әсер қалдырды. Бір кездері ұлылық пен құдіретке ие болған Кеңестер Одағының келмеске кетуі салдарынан бүкіл халыққа ауыртпалық әкелген «тоқсаныншы жылдардың» кезеңі есімнен кетпейді. Мен ол кезде шешен мен ингуштердің «Вайнах» Жезқазған облыстық қоғамдық-мәдени орталығының төрайымы болдым және барлық ұлттық-мәдени орталықтармен бірге өз халқының тарихын, тілін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін зерттеу бойынша жұмыс істедім. Біз Жезқазғанда «Бір шаңырақ астында» атты халықтар достығының бірінші облыстық фестивалін өткізуге дайындалып жатқанбыз, ал сол кезеңде көптеген отандастарымыздың мекенінде қарулы қақтығыстар орын алып, адамдар қаза болды, шерулер мен ереуілдер өтіп, босқындар ағыны артты. Бейбітсүйгіш саясат пен ұлттық келісімнің үстемдік құруына негіз қалауы - Қазақстанның ұлы жетістігі болды, олар бізге қарулы қақтығыстардың орын алуына мүмкіндік бермеді. Біз сол кездері достығымыз бен бірлігімізді одан әрі нығайта түсу мақсатында фестивальдар мен байқаулар өткіздік. Бірақ, әйтеуір бір жанымыздың түкпірінде қайғыдан арылмаған өз отандастарымыздың алдында біздің бұлайша ғұмыр кешіп жатқанымыз үшін екіұдай сезім баурап алатыны тағы бар.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздегі бейбітшілік пен келісімге қосқан зор үлесі үшін барлық ұлттық-мәдени орталықтардың төрағаларына алғыс айтып, біздің әрқайсымыз үшін өте маңызды ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді, өз халықтарының тілі мен тарихын жаңғырту жөніндегі жұмысымыз бүгінгі күні ерекше мәнге ие болып отыр, өйткені біз ұлттық рухани құндылықтарды сақтаушы бола отырып, ұрпақтарымыз үшін өзіндік ерекшелігін сақтап қаламыз деп күн тәртібіндегі өзекті мәселеге қатысты орнықты пікірін білдірген болатын. Оның сөздері Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің көңілінен шыққандығы соншалық, жиналғандар ду қол шапалақтап құрмет білдірді. Бұл ұлы саясаткер, бітімгер және данагөйдің ұлттық тарихтағы шынайы сабағы болды!

Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында біздің Президентімізбен жүздесуім мен үшін маңызы зор тағы да бір кездесу болды. Маған сол алқалы басқосуда Елбасының алдында сөз сөйлеу бақыты бұйырып, онда мен Солтүстік Кавказдан күштеп қоныс аударылған әкемнің аманатын орындауға бел буып келген болатынмын. Ақынның өлеңдері өміріңе азық болмайды, өзің үшін дәрігер немесе мұғалім мамандығын таңдау керек еді деген ойда болған әкем, менің әдеби шығармашылықпен шұғылдануға деген әуестігімді онша құп көрмесе де, менің табандылығыма, көздегеніме жетпей тынбайтыныма тәнті болып, жақсы ақын немесе жазушы бола алатынымды мойындады және менің елден ерек таңдау жасауым мен оның арманын орындап, түптің түбінде сол бір қуғын-сүргіннің зұлматына ұшыраған жылдары ақ адал асымен бөліскен, басымызға баспана тауып беріп, бауырына басқан, бізге қорған ғана емес Отанымыз бола білген барлық қазақ халқына айтар маңызды сөздерді таба алатыныма шек келтірмесе керек. Ал бұл - адам бойында болуға тиісті ең үлкене қасиет. Жылдар жылжып өте берді, әкем аманатын маған арқалатып кетіп қайтыс болды, мен болсам аманатқа қиянат жасамау үшін не істеуім керек деп ұзақ жылдар бойы ойланумен болдым! Мен мұны бүкіл халық алдында қалай жүзеге асыратынын біле алмай, қазақ мәдениеті мен өнері туралы кітаптар жаздым, телевизиялық бағдарламаларды түсірдім, өлеңдер мен әндерде өрнектелген қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып бердім. Бірақ маған мұның барлығы жүрегімнің терең түкпіріндегі бір нәрсені жеткізе алмай келе жатқан сияқты көрінді. Бүкіл халық білетіндей, қандай да бір неғұрлым маңызды нәрсе орын алуы керек сияқты. Ақыр соңында, әкемнің ізгі ниетінің орындалуына негіз қалаған мінбеге де жеттім-ау! Президенттің маған түсінушілік пен жанашырлық сезіммен қарап, мені демеп отырғандығын сезінгендіктен болар, мен аяқ астынан қалпыма келгендей болдым. Көзіме ыстық жастың кептеліп тұрғанына қарамастан дауысымның ырғағы қалпына келіп, қуғын-сүргін жылдарында ата-аналарымыздың жүрегін жылытқан қазақтың киіз үйінің ошағынан шыққан жылуын сезінген әкемнің аманатын орындадым, енді менің әкем мәңгілік әлемде тыныш жатуы мүмкін, - деп сөзімді түйіндедім.

Менің Президентпен басқа да кездесулерім болды, онда мен «Жезқазған - Сексеуіл - Қызылорда» жаңа темір жол торабы бойынша алғашқы пойызының жолға шыққаны туралы мақтанышпен баяндаған болатынмын. Ендігі уақытта Жезқазған тұйықталып қалған қала болып қалмайды! Нұрсұлтан Әбішұлы Жезқазған - Ұлытау аймағында болып жатқан барлық оқиғаларды әрдайым мұқият қадағалап отырады және біз оның қамқорлығын сезінеміз. Иә, кездесулер әр түрлі болады – қас қағым сәттік, жеке және іскерлік немесе кейде күтпеген кездесулер де орын алып жатады. Тек әйтеуір кездейсоқ емес. Әрбір кездесуге бір тылсым күштің себеп болатыны анық. Адам қандай болса, кездесу де сондай...

Back to the list