«Жаса, гүлдене бер, менің Қазақстаным!»

«Жаса, гүлдене бер, менің Қазақстаным!»

Версия для печати

Осы тақырыппен Қостанай облыстық Достық үйінде «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концерт болып өтті.

Іс-шара басталар алдында шақырылған балалар үйлері, мектеп-интернат тәрбиеленушілері, колледж оқушыларының назарына «Қазақстан тәуелсіздігінің тарихы» атты бейнефильм ұсынылды. Содан соң этномәдени бірлестіктер ұжымдары - халық әндері мен ұлттық билері арқылы шығармашылық өнерлерін көрермендерге паш етті.

-2016 жыл айрықша оқиғаларымен маңызды. Бұл Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы жылы және осы жылы республикамыз бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы бастау алды. Бүгінгі концерт – бұл біздің үлкен отбасымызға, оның салт-дәстүріне, қағидаларына құрмет көрсету арқылы, діни сеніміміз әртүрлі болса да, қандай да бір этнос өкіліне жатсақ та, барша қазақстандықтарға біртұтас ел болып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге мүмкіндік береді. Қазақ жері тағдырдың тәлкегімен осында келіп, тамыр жайған көп халық үшін Отаны болып табылады. Қазақта «Жолдасы көптің – олжасы көп» деген дана сөз бар, оған «Өзен суалып, таулар құласа да, халықтың достығы мәңгілік» деген  орыстың мақалы үндеседі. 17 миллион қазақстандықтардың достығы жылдан жылға нығая берсе екен! – дейді «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қаламқас Сандыбаева.

 

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Back to the list