Жамбыл облыстық ҚХА: Қазақстанда әрбір үшінші отбасы ажырасады

Жамбыл облыстық ҚХА: Қазақстанда әрбір үшінші отбасы ажырасады

Версия для печати

Тараз қаласындағы Достық үйінде «Медиация-бірлік негізі» әлеуметтік жобасы аясында «Отбасылық медиация» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Оның барысында ерлі-зайыптылар қоғамының толыққанды дамуы мен әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдай жасау мәіселелері талқыланды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева іс-шараны аша отырып, жобаның басты мақсаты зорлық-зомбылық пен даулы мәселелер деңгейін төмендету, сондай-ақ отбасылық жұптар қоғамының толыққанды дамуы мен әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдайлар жасау екенін атап өтті.


«Біз жанжалдарды жеңу қиын болатын жас отбасыларға ерекше назар аударуға тырысамыз. Ресми мәліметтер бойынша, елімізде әрбір үшінші отбасы ажырасады. Бұл негізінен жас жұптар арасында. Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті осындай қордаланған мәселелрді шешуге жәрдемдесу, олардың алдын алу болып табылады. Кез келген жағдайда біз Қазақстанда тұратын этностардың менталитетін, мәдениетін және отбасылық құндылықтарын сақтауға тырысамыз. Бұл медиация арқылы жүзеге асады», - деп атап өтті Р. Мақсудқызы.

Медиатор-жаттықтырушы, облыстық ҚХА медиаторлар кеңесінің төрағасы Лариса Сафонова «Отбасылық медиация – даулы отбасы мүшелеріне, олардың арасындағы қақтығысты, соның ішінде ажырасар алдындағы жағдайды конструктивті талқылауға мүмкіндік беретін күрделі процесс екенін алға тартты. Ажырасу жағдайында отбасында бала көбінесе манипуляция құралы ретінде пайдаланылатыны құпия емес. Әсіресе, ажырасудың теріс салдарлары тек ересектерге ғана емес. Бала үшін ажырасу қайғылы жағдай, ата-анасы оның өмірі жақсарады деп ойласа да, сәби бастапқыда өмірін жоғалтып алғандай қабылдайды. Бұл жағымсыз әсерді жоюға отбасы медиациясы көмектеседі. Медиатор балалардың эмоционалдық қажеттіліктері мен тілектерін, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың әрқайсысының ойларын талқылауға ықпал етеді», дейді.

Оқыту семинары интерактивті тренинг форматында өтті. Оқу-жаттығу барысында мини-дәрістер, тәжірибелік жаттығулар, рөлдік ойындар, миға шабуыл, дискуссиялар, жеке байланысы бар имитациялық медиация қолданылды. Қатысушыларға дау-жанжалды жағдайларды шешу кезінде медиацияны қолдану тәсілдері туралы тренинг ұсынылды. Нәтежиесінде олар оқиғаны делдалдық және келіссөздер арқылы табысты шешу жолдарын меңгерді.

Семинар-тренинг соңында қатысушыларға тиісті сертификаттар мен әдістемелік құралдар табысталды.

Back to the list