Қызылорда облысының жастарына ынтымақтастық атмосферасын құруға арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды

Қызылорда облысының жастарына ынтымақтастық атмосферасын құруға арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды

Версия для печати

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Жалағаш және Қармақшы ауыл жастарына арналған семинар-тренинг өтті. 


Оның барысында өңірдегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы, сонымен қатар, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау, оларды жұмыспен қамту, ұлттық құндылықтарды дәріптеп бағытында сөз қозғалды.


Одан кейін «Тиімді команда құру» тренингі өткізілді. Оның барысында ынтымақтастық атмосферасын құруға, өзара түсіністік пен әр жасты топ ресурсы ретінде қабылдауға, стандартты және сыни жағдайларда мінез-құлықтың жалпы стратегияларын жасауға құлшыныс жасалды. Сонымен бірге тренинг жаңа топ мүшелерін бейімдеу және ынталандыру, команданың дамуына серпін беру үшін пайдалы екендігін түсіндірілді.


Ал «World сafe» тренингі барысында жастарға нақты мәселелер туралы сөйлесудің технологиясы мен өнері, пікірталас процесіне қатысушылардың ұжымдық интеллектісін тартуға мүмкіндік берілді.


Сонымен қатар қарым-қатынас дағдыларын дамыту, тұлғааралық кедергілерді жеңу, қолайлы психологиялық климатты құруды көздеген тренингте жастар командалық рухты дамыту мен нығайтуға арналған арнайы жаттығулар жасады.


Back to the list