Таразда қазақ әліпбиін латын қаріпінде көркем таңбалаудан оқыту семинары өтті

Таразда қазақ әліпбиін латын қаріпінде көркем таңбалаудан оқыту семинары өтті

Версия для печати

Таразда жалпы білім беретін орта мектептердің мұғалімдеріне арналған «Қазақ әліпбиінің латын қаріпіндегі каллиграфия және леттеринг» тақырыбында семинар өтті.


Шараны ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, латын қарпінде қазақ әліпбиінің көркемдеп таңбалануын арнайы үйретуге бағытталған семинардың басты мақсаты - латын тілінде көркемдеп жазуды мұғалімдер мен оқушылар арасында насихаттау, қазақ сөздерінің жаңа графикалық бейнесін бекіту.


Қазақ және орыс тілдерінде жүргізілген семинар жұмысына қаланың жалпы білім беретін мектептерінің «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімдері қатысты. Қос тілде өткен семинар барысында ұстаздар латын қаріпіндегі қазақ сөздерін ерекше каллиграфиялық пішінде жазуды үйренді.


Семинарды кіріспе сөзбен ашқан облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ көрме залының меңгерушісі Вера Майковичтің айтуынша, ұстаздар қазақ әліпбиін латын қаріпінде көркемдеп жазуы арқылы болашақ ұрпақтың санасына әріптердің сауатты әрі әсем жазылу үлгісін қалыптастырады.

Жиын соңында мұғалімдерге тиісті сертификаттар табысталды.


Back to the list