Тараз: Фредерик Шопеннің туғанына - 210 жыл

Тараз: Фредерик Шопеннің туғанына - 210 жыл

Версия для печати

Көрнекті поляк композиторы, пианист, поляк музыка мектебінің негізін қалаушы және еуропалық музыкаға романтикалық бағытты әкелген Фредерик Шопеннің туғанына 210 жыл толды. Осыған орай Таразда «Шопениана» дәріс-концерт форматында мерекелік кеш өтті.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, іс-шараның мақсаты - Жамбыл облысында тұратын этностардың тарихы мен дәстүрлерін зерделеу арқылы этносаралық қатынастарды үйлестіру және барлық этностардың мәдениетін, салт-дәстүрін сақтау.


Кешті «Авраам» клубының жетекшісі, еврей қауымының ақсақалы Михаил Бунин қысқа кіріспе сөзбен ашты. кеш ұйымдастырушысы, музыкатанушы, «Хэсед Полина» еврей қайырымдылық ұйымының волонтері Людмила Кришнер Фредерик Шопеннің өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Облыстық «Полонез» поляк тіл және мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лариса Калькова Польшада сақталаған ұлы композитор туралы естеліктермен өз әсерімен бөлісті.


Концертте белгілі пианисттер, музыка мектебінің оқушылары Фредерик Шопен шығармаларын орындады. Студенттер Ксения Русакова мен Татьяна Дума ЮНЕСКО халықаралық би кеңесінің мүшесі, оқытушы Ольга Привалованың Шопеннің музыкасына қойылған балет жанрындағы ерекше би қойылымын көрермен назарына ұсынды. Сонымен қатар кеш барысында Поляк қауымының жас таланттары Татьяна Сакович пен Матвей Любаев белгілі композиторға арнап поляк тілінде өлеңдерін оқыды.

Кеш соңында еврей және поляк этномәдени бірлестіктерінің басшылары концерттің барлық қатысушыларына «Шопениан» шығармашылық кешіне қатысқаны үшін Алғыс хаттар табыс етті.


Back to the list