Түркі елдерінің өзара интеграциялануы өзекті

Түркі елдерінің өзара интеграциялануы өзекті

Версия для печати

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Қазақстандағы Түрік Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджиді қабылдады.

Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқы болып мойындаған мемлекеттердің бірі. 1992 жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Ал Қазақстанның шетелдегі алғашқы елшілігі Анкара қаласында ашылған болатын.

Қазақстан мен Түркия стратегиялық серіктестер болып табылады. Екі елдің тарихында, тілі мен мәдениетінде ұқсастық пен сәйкестіктер көп.

fbe0212e-c678-4eb2-aca1-a63693f27380.jpg

«Біз ортақ тұрақты болашақ құру мақсатында көпжақты ынтымақтастық құруға ұмтылып келеміз. Бүгінгі таңда екіжақты өзара ықпалдастық барлық салаларды қамтып, серпінді дамуда», - деді Жансейіт Түймебаев.

Біздің елдеріміздің әлемдік қауымдастықтағы ұстанымдары да үндес. Қазақстан мен Түркия бір-бірінің халықаралық бастамаларына үнемі қолдау танытып отырады. Екіжақты сыңдарлы диалогтан басқа, екі ел әлемдік қауымдастық алаңдарында да көпжақты серіктестік бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруда.

Түркия Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлін мойындайды және оны аймақтағы маңызды серіктес деп санайды.

Екі ел үшін де жалпытүркі елдерінің өзара интеграциялануы өзекті мәселе болып табылады. Түркі ықпалдастығы жөніндегі басты саяси ұйым – Түркі кеңесі екі елдің бастамасымен құрылған болатын. Бүгінде халықаралық деңгейдегі түркі әлеміне қатысты мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, нәтижелілігін арттыру туралы мәселелердің маңыздылығы жоғары болып отыр.

Back to the list