ШҚО: 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

ШҚО: 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

Версия для печати

15-мамырда Қазақстан «Халықаралық отбасы күнін» атап өтеді. Бұл көпұлтты мемлекет үшін ерекше күн. Себебі, мемлекетімізде әртүрлі ұлт өкілдері шаңырақ көтеріп, бір отбасы болып тқрады.

Атаулы мерекеге орай, Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы «Instagram» парақшасының тікелей эфирінде «Мемлекет негізі – отбасы» атты кездесу ұйымдастырды. Оған Шығыс-Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Жанна Асқарова, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестік мүшелері мен шығармашылық ұжымдардың өнерпаздары қатысты.


Іс-шара барысында Ж. Асқарова оқырмандарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жолдады. Сонымен қоса, интернационалды отбасылар туралы айтып берді. Ал, тікелей эфирге шұғылалы Грециядан қосылған «Халықаралық бақытты отбасы институты» қоғамдық қозғалысының негізін қалаушы Ольга Иванова болса, отбасындағы өзара сыйластық туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

Аналар кеңесінің мүшесі Карина Марянян әйел адамның қоғамдағы рөлі, бала асырап алу және отбасындағы ананың орны туралы сөз қозғады. Сұхбат арасында Аян Қалымбек көркемсөз оқыса, татар этномәдени бірлестігінің мүшелері, Сариповтар отбасы әуезді әнмен оқырмандарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Back to the list