«Сөйлеу мен жазу үрдісін бірдей қалыптастыру қажет»

«Сөйлеу мен жазу үрдісін бірдей қалыптастыру қажет»

Версия для печати

Еліміздегі тіл мәселесі туралы сөз қозғағанда, мемлекетіміздің іргетасын қалаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың лайықты еңбегін атап өтуге тиіспіз.

Елбасы республикамыздағы мемлекет құраушы ұлттың, этностардың ана тілі, тарихы мен мәдениетінің, салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының дамуына бар жағдайды жасады. Өзі құрған Қазақстан халқы Ассамблеясында да бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Нақты айтқанда, тіл үйренемін деген адамға мемлекет тарапынан, Ассамблея тарапынан тегін жағдайлар жасалған.

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде мемлекеттік тілді дамыту мақсатында арнайы ашылған «Мәміле» клубы» жұмыс істейді. Нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің аға буын мен жас буын өкілдері қазақ тілін сөйлеуге және жазып үйренуге ден қойып келеді. Себебі,

қазақ тілін дамыту – ауызша сөйлеу мәнері мен жазба үрдісін бірдей алып жүргенде ғана дұрыс қалыптасады. Мемлекеттік тілді дамыту ісінде осыған баса назар аударуымыз қажет деп санаймын.

Наргизам Махмуди,

Нұр-Сұлтан қаласы ұйғыр этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары


Back to the list