Мемлекттік хатшымен кездесу

Мемлекттік хатшымен кездесу

Версия для печати

Ағымдағы жылдың 5 тамызы күні Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Л. Тоғжановтың, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары О.Г. Дымовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Конститутциясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан халқының 100 нақты қадам аясындағы біртектілігі мен бірлігі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. 

Конференцияда оқылған баяндамалардың  басты бағыты реформаның IV бағыты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» бағытындағы Ассамблеяның қызметіне қатысты тармақтар, азаматтық біртектілікті нығайту мен  республиканың табысты дамуы үшін берік іргетас құру болып табылды. Күн тәртібінде мемлекеттің және қоғамның тарапынан кеңінен қарастыруды талап ететін бірнеше мәселелер қамтылды. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері Ұлт жоспарының маңыздылығына мән бере отырып, бірқатар мәселелерді республикалық Ассамблея өкілдерімен талқылады.

Конференциядан кейін Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени және қоғамдық  бірлестіктері өкілдерімен, сонымен бірге ШҚО ҚХА ҒСТ мүшелерімен кездесу өтті. Қатысушылар Ассамблея жылының маңызды оқиғаларымен және республика бойынша Достық үйлерінің жұмысындағы қызықты деректерімен бөлісті.

Back to the list