Елін сүйген, елі сүйген ЕЛБАСЫ !

Елін сүйген, елі сүйген ЕЛБАСЫ !

Версия для печати

Көкшетау қаласындағы «Қоғамдық келісім» ғимаратында 19 қараша күні «Өрлеу » Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен Тұңғыш Президент күнін атап өтуге арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға Көкшетау қаласының құрметті азаматтары, этномәдени бірлестік мүшелері, студенттер мен ұстаздар қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, қалалық маслихат депутаты Еркін Исимбаев өз сөзінде мемлекетіміздің әр азаматы үшін бұл мерекенің маңыздылығын айта отырып, Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел алдындағы ерен еңбегін, ауқымды экономикалық саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудағы сарабдал саясатын атап өтті. Жиынға қатысушылардың ішінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы  Айна Мысырәлімова жиналған қауымды мерекемен құттықтап, елімізге бейбітшілік пен тұрақтылық тіледі. Іс-шара барысында жиналғандар «Ұлттық көшбасшылық феномені» атты бейнебаянды тамашалады.

«Тағы бір ерекше атап өтетін құндылық ол білімге деген ұмтылыс. Әлемдік сарапшылардың болжамы бойынша бүгінде білікті кадрлар тапшылығы сезілуде. Сіздердің білімдеріңіз - ол сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Көп еңбек еткен адам өз білімін жетілдіреді және өзін тануға ұмтылады. Білім мемлекеттің экономикалық ресурсы, өндіріс факторы ретінде қарастырылады. Біз ұлттық білім беру жүйесін біртіндеп  жаңғырта отырып, халықаралық стандарттарға жеткіземіз»,- деп атап өтті өз баяндамасында Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Айсұлу Ақышева.

Ал Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі Ғалымтай Төлепбергенов егемен Қазақстанның дамуы мен қалыптасуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі жайында айтып берді. «Қазақстан халқының тарихына 1 желтоқсан мемлекет пен ел тарихында үлкен жетістіктерге жеткізген заманалық өзгерістер күні ретінде енді», - деді ол сөзінде. А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ұстазы, тарих ғылымдарының кандидаты, халықаралық қатынастар мен әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі Ардақ Қапышев ұлттық көшбасшылық феномені, тарихы мен қазіргі кезі жайында баяндады.

Жиналған қауым өз баяндамаларынан кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жүргізіп отырған саясаттың маңызы туралы пікір алмасты.

Модератор Еркін Тұрашұлы  дөңгелек үстелдің қорытындысында барлық қатысушыларға ризашылығын білдіре отырып, тәуелсіз Қазақстанға бейбітшілік пен тұрақтылық тіледі.

«Қоғамдық келісім»

КММ баспасөз қызметі

Back to the list