Бір ел, бір халық, бір тағдыр

Бір ел, бір халық, бір тағдыр

Версия для печати

 Батыс  Қазақстан облысы  Орал қаласының   жастар шығармашылығы      орталығында  «Ынтымағы жарасқан, туған өлкеміз     Қазақстан»    атты шара оздырылды.

Шараның басты мақсаты - бейбітшілік пен келісімді насихаттау, «Бір ел, бір халық, бір тағдыр» саясатын іске асыру негізінде  халық бірлігін нығайту. Қазақстан халқы  Ассамблеясы жылына арналған облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арнаулы мектеп-интернатының «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем Қазақстан» атты мерекелік концертке   құрметті  қонақтар - ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы –А.М Усенова және еврей этномәдени орталығы  төрағасы О.В Дергачева, корей  этномәдени бірлестігінің мүшесі, дәстүрсіз медицина докторы В. К. Ан   қатысты. Сонымен қатар, Республикалық «Н. Жантурин» атындағы Атырау қаласында өткен  көркемсөз оқу шеберлерінің дипломанттары, Республикалық «Жұлдыз - ай» фестивалінің I-орын иегерлері  өз туындыларын оқыды. Республикалық «Жұлдыз - ай» фестивалінің  жүлдегерлері «Аягөз»   бишілер тобы,  «Шаттық» қазақ биімен, татар биімен, «китайские  узоры», «Веселые девчата» қазақ биі «Оймақтар»   мың бұрала билеп, ұйғыр мәдени орталығының бишілері  және Әзербайжан мәдени орталығының би тобы «Ай- Луна» әзербайжан биімен тамсандырды. М. Алмасова «Мой Казахстан»,  Д.Сарманова «Қасиетті домбыра», В. Истомин «Родина моя», Д.Рысхан «Туған жер», Г.Тастанбекова «Цвети земля», А.Қарабаева және Г.Жүсіпқалиева «Туған ел» әндерін орындаса, Республикалық және облыстық байқаулардың жүлдегерлері «Қанағат» триосы  «Астана – арман қала» әнін шырқатты. Мектептің аяулы әжелері шәкірттерімен бірге  өз әндерін ортаға салды. Халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны еркін меңгерген «Шырақ» ансамбілі Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйімен көпшіліктің назарын аударды.

 

Back to the list