Петропавлда латын графикасын жетік меңгерген жастар анықталды

Петропавлда латын графикасын жетік меңгерген жастар анықталды

Версия для печати
Қазақ тілінің латын графикасына көшуді қолдау мақсатында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы байқау, акция, диктант және тағы да басқа түрлі іс-шаралар өткізіп келеді.

Сондай шаралардың бірі – қазақ тілінде білім беретін мектеп оқушылары арасында «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы» латын графикасынан байқау өтті.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, іс-шараның басты мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру» жобасын жүзеге асыру.

Байқау үш кезеңнен тұрды: латын тілінде мәтін оқу, диктант пен эссе жазу.


Байқауға Петропавл қаласының жалпы білім беретін мектептерінің қазақ тілінде оқитын оқушылар, жалпы саны 60 адам қатысты.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және естелік кітаптармен марапатталды.


Back to the list