Павлодарлық жастар Ассамблея саябағында татар үйеңкісін отырғызды

Павлодарлық жастар Ассамблея саябағында татар үйеңкісін отырғызды

Версия для печати

Павлодардағы Ассамблея саябағында ағаш отырғызу акциясы өтті. Оған этномәдени бірлестіктердің (ЭМБ) төрағалары облыстың ҚХА жастарымен бірге белсенді қатысты. Барлығы 20-дан астам татар үйеңкісі отырғызылды.

«Бүгін біз Ассамблея саябағында алғаш рет жастармен және этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен қосылып игі шара өткізудеміз. Бұл ұрпақтар сабақтастығының айқын айғағы, өйткені ағаш - өмірдің белгісі. Менің ойымша, бұл үлкен істер үшін тамаша бастама», - деді облыстық ҚХА жастар қанатының төрағасы Рамиль Смаилов.


«Бұл акция біздің саябақты жасылдандыруға өз үлесімізді қосуға мүмкіндік береді. Бұл бізді және этностарымызды біріктiредi», - деп поляк ЭМБ белсендісі Алина Жабко өз әсерімен бөлісті.

Акцияға Қазақстан халқы студенттер ассамблеясының белсенділері де қатысты.

«Мұндай іс-шаралар бізді әрқашан біріктіреді. Егер бұл акциялар ай сайын өткізіліп тұрса, игі бастама болар еді», - дейді өз кезегінде Павлодар сервис және тамақтану колледжінің студентi Самир Жұмашев.

«Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Максилова «Еліміз гүлденсін деп, ағаш егіп, жастарға жақсы ізет көрсетіп, осылай біздің қоғамдық жұмысымызды жалғастырсын деген ниетпен шарамызды өткіздік. Осы орайда, жастарымыз тек қана алдыңғы қатарларда көрінсін» деген тілегін білдірді.


Back to the list