Оқушылар корей тілінде көркемсөз оқыды

Оқушылар корей тілінде көркемсөз оқыды

Версия для печати

Атырау қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде «Тхоньиль» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Корей тілінің фестивалі өтті.


Аталмыш шараға этномәдени бірлестік мүшелері, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары мен оқушылары белсенділікпен атсалысты.

Фестиваль аясында корей халқының ұлттық салт-дәстүрлерін айшықтайтын көрме ұйымдастырылып, хангыль жазбалары бойынша шеберлік сабақтары жүргізілді. Сонымен қатар, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары корей тілінде көркемсөздер оқып, әндерін орындады.


Шара барысында корей халқының ұлттық би өнері де көпшіліктің көңілінен шықты.

Back to the list