«Мемлекеттік тіл – мақтанышым»

«Мемлекеттік тіл – мақтанышым»

Версия для печати

Мен сайын дала Сарыарқаның төсінде туғанмын. Ұлтым – әзербайжан. Дегенмен, «дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі байырғы, әрі жас, отты да ойнақы қазақ тілі» менің өмірімде ерекше орын алады. Мемлекеттік тілді игеруім – менің мақтанышым.

Менің ата-аналарым отбасында біздерге: «қысылғанда қай ұлтқа да мейірімін төккен, өзі жарымай отырса да, сыңар құртын бөліп берген дархан қазақ халқының бай тілін оқып үйреніңдер, қазақ халқы – ешкімге ойын зорлап таңбайтын, табиғатынан демократ халық» деп айтып отырады.

Сондықтан бізге үлкен мүмкіндіктер жасаған Елбасы мен Президентке алғысымды жеткізе отырып, барлық замандастарымды қазақ тілінде сөйлесуге шақырамын!

Ханануз Расулова,

Қарағанды облысы әзербайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі


Back to the list