«Әлеуметтік желілер ұлттық идеяға қызмет етуі тиіс»

«Әлеуметтік желілер ұлттық идеяға қызмет етуі тиіс»

Версия для печати

Президентіміз Қ.К.Тоқаев «Ана тіл» газетіне берген сұхбатында «Телевизиялық және радио хабарларының сапасын арттыру қажет. Бұл ақпарат өнімдері қоғамдық ойдың қайнар көзіне айналуға тиіс, ұлттық идеяға қызмет ететін топырағымыздан тамыр алған төл бағдарламаларды молайту қажет» деп айтқан болатын. Менің ойымша ақпарат өнімдеріне әлеуметтік желілерді де қосуға болады.

Қаласаңыз да, қаламасаңыз да қоғам әлеуметтік желілерге желімденді. Дүние күйіп бара жатса да желілерге көз қырын салып, виртуалды өмірден алшақтамайтындар саны күн өткен сайын артып келеді. Енді бізге осы құбылысты мәдениетті, сапалы, ұлт пен мемлекетке, мемлекеттік тілге пайдалы жағынан қолдану керек. Әркім өз оқырмандары алдындағы жауапкершілікті барынша сезініп, әлеуметтік желілерді мемлекеттік тілді насихаттайтын ортаға айналдыру орынды болмақ. Осы ретте әлеуметтік желідегі «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» парақшаларының жұмыс істей бастауын қуана құп көремін.

Зульфия Таипова,

Каспий университетінің лекторы


Back to the list