ҚХА Мақтаарал ауданына 70 тонна гуманитарлық көмек жібереді

ҚХА Мақтаарал ауданына 70 тонна гуманитарлық көмек жібереді

Версия для печати

12 мамырда сағат 10.00-де Алматы қаласындағы «Металл Пром Групп» ЖШС аумағынан (Төле би даңғылы, Гагарин көшесінің 189-бұрышы) Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Алматы қаласы әкімдігі бірлесіп Түркістан облысының Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін 8 жүк көлігіне тиелген жалпы салмағы-70 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жібереді.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж. Түймебаев, ҚХА мүшелері мен кәсіпкерлері, меценаттар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА жастары мен еріктілері қатысады.

Бұл қайырымдылық көмекті Алматы өзбек этномәдени бірлестігі, Қазақстан ұйғырларының Республикалық этномәдени бірлестігінің филиалы, Алматы қалалық ұйғыр этномәдени бірлестігі, Қазақстан Дүнген қоғамының Алматыдағы филиалы, сондай-ақ «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі және басқа да орталықтар ұйымдастыруда.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысы Мақтаарал ауданының тұрғындарына гуманитарлық көмектің екінші партиясын жіберіп отыр (осыған дейін 23 млн. 325 мың теңге сомасында гуманитарлық көмек көрсетілген болатын).

Back to the list