ҚХА: «Бірлік көптүрлілікте» моделі - мемлекет саясатының басты бағдарының бірі

ҚХА: «Бірлік көптүрлілікте» моделі - мемлекет саясатының басты бағдарының бірі

Версия для печати

Құрметті Отандастар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

1 мамыр – еліміздегі барлық мәдениеттердің көптүрлілігі мен рухани құндылықтарды паш ететін жарқын мереке.

Барлығымызды этностық тегіміз бен діни сенімімізге, саяси ұстанымымыз бен түрлі көзқарасымызға қарамастан, туған елімізге деген махаббат, өзара түсіністік пен құрмет, болашаққа деген жауапкершілік пен ортақ мүдделеріміз біріктіреді.

Бірлік – біздің ерекше сақтап, қорғайтын басты байлығымыз бен жетістігіміз. Ғасырлар бойы қалыптасқан халықтар достығының арқасында мемлекеттің дамуы тарихындағы қиын кезеңдерді бірге өткердік.

25 жыл бұрын Елбасы құрған Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпыхалықтық келісімді сақтап және нығайтуда үлкен жұмыстар атқарып келеді. «Бірлік көптүрлілікте» моделі мемлекет саясатының басты бағдарының бірі және солай болып қала береді.

Бүгінде барлығымыз бірлесіп коронавирус пандемиясымен жаппай күресудеміз. Қазақстан халқы төтенше қиындықтар мен сынақты жұмылып жеңіп шығарына күмәніміз жоқ.

Құрметті достар!

Шуақты мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасылық береке, болашаққа деген сенім тілейміз. Ынтымақ-бірлігіміз ажырамасын!
Туған еліміз көркейіп, татулығымыз арта берсін деген ізгі тілегімізді қабыл алыңыздар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Back to the list