Елордалық ҚХА мүшелері ежелгі Бозоқ қалашығы мен Құмай-Қарағайлы киелі жеріне экспедициялық саяхат жасады

Елордалық ҚХА мүшелері ежелгі Бозоқ қалашығы мен Құмай-Қарағайлы киелі жеріне экспедициялық саяхат жасады

Версия для печати

Жастар жылы және «Рухани жаңғыру» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы, этномәдени бірлестік мүшелері, жоғарғы оқу орындарының тарихшылары мен елордалық ҚХА жастары Ақмола облысының тарихи-өлкетану орындары – ежелгі Бозоқ қалашығы мен киелі жер Құмай-Қарағайлы бағыты бойынша алғашқы рет сапар жасады.


Экскурсияны К. Ақышев атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры Марал Хабдулина бастады. Ол қатысушыларға Бозоқ қалашығын зерттеу туралы хронологиялық кестені түсіндіріп, академик К. Ақышевтің алғашқылардың бірі болып Бозоқ қалашығын музейге айналдыру туралы ұсыныс жасағанын атап өтті.


Орта ғасырлық қала орындарына саяхат жасаған экскурсия қатысушылары тарихы тереңде жатқан Бозоқпен кеңірек танысты. Сапар барысында Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА мүшелері тазалық акциясына өз үлестерін қосты. Барлығы біріге ежелгі қалашық орнын қоқыстан тазартты.

Келесі кезекте экспедициялық топ Нұр-Сұлтан қаласынан 120 шақырым жерде орналасқан Құмай археологиялық-этнографиялық қорым ескерткішінде болып қайтты.


Ақмола облысының Ерейментау ауданы Жыланды тау жотасының етегінде жатқан бұл қорым 2009 жылы табылған. Құмай өзенінің сол жағалауындағы алқапта радиусы 3-7 шақырым аумақта орналасуына байланысты бұл қорымдар ғылыми айналымға осы атаумен енгізілген. Елордалық ҚХА жастары профессор Марал Хабдулинаның ескерткіштер туралы толыққанды ғылыми-та­ным­дық мағлұматтарына сусындап, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. 


Экспедициялық сапар К. Ақышев атындағы археологиялық институттың аға ғылыми қызметкері Данияр Тілеуғабыловтың«Ақмола облысының киелі нысандары» атты дәрісімен Қоянды ауылында аяқталды.

Айта кетейік, келесі экспедициялық сапар 12 қазанға Қарағанды облысына жоспарланып отыр.

Back to the list