Елордалық ҚХА Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай онлайн фото байқау жариялайды

Елордалық ҚХА Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай онлайн фото байқау жариялайды

Версия для печати

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай елорда тұрғындары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері арасында онлайн-байқаудың басталғандығын жариялаймыз!⠀

Байқау шарттары төмендегідей:⠀

Жеңіс күніне арналған тематикалық өз фотосуретінізді #Ұлыжеңіске75жыл #75летВеликойпобеды #ҚХАонлайнбайқау #ОнлайнконкурсАНК хештегтерімен бірге жариялау; @assembly_nur_sultan парақшасына жазылу; @assembly_nur_sultan парақшасын белгілеу; соңғы 5 жарияланымға «лайк» қою.

Байқаудың 5 финалисін таңдап алынып, ақтық бөлім өткізіледі. Онда «дауыс беру» арқылы байқаудың басты 3 жеңімпазы анықталады. Олар Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өте маңызды ескерту. Instagram-дағы сіздің профиліңіз байқау кезінде ашық болуы шарт. Фейк аккаунттар конкурсқа жіберілмейді.⠀

Байқаудың қорытындысы 9 мамыр сағат 20:00-де жарияланады. Финалистер 7 мамырда жарияланады. Байқауға қатысып, жеңімпаз атануға асығыңыз.

Back to the list