Елордалық ҚХА балаларды қорғау күніне орай акция өткізбек

Елордалық ҚХА балаларды қорғау күніне орай акция өткізбек

Версия для печати

1 маусым балаларды қорғау күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық акциясын ұйымдастырады.

Акция аясында елордалық этномәдени бірлестік мүшелерінің балаларына, аз қамтылған отбасы және мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы мерекелік себет жеткізілетін болады.

Акция 2020 жылғы 29 мамыр күні сағат 11:00-де елордалық Достық үйінен бастау алады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық жасаудан әрқашанда тыс қалған емес.

Back to the list