18.11.2019

Акция Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы мен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.
Акция барысында бірінші қан тапсырушыға Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты табыс етілді. Сонымен бірге, іс-шараға келушілерге арналған концерттік бағдарлама көпшіліктің көңілінен шықты.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы донорларға арнайы сыйлықтарын табыстады.