БҚО: ҚХА мақтааралдықтарға 12 тонна гуманитарлық көмек жіберді

БҚО: ҚХА мақтааралдықтарға 12 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Версия для печати

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Достық үйінің ғимаратынан Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккендерге жалпы салмағы 12 тонна гуманитарлық көмек жіберілді.

Батыс Қазақстан этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, БҚО кәсіпкерлері мен БҚО ҚХА еріктілері азық-түлік, негізгі қажеттіліктер, құрылыс материалдары, киім-кешек және басқа да қажетті тауарлар жинады.


Армян, татар, ұйғыр және әзірбайжан этномәдени орталықтары, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы, сондай-ақ «BIRLIK» еріктілер тобының, «Достық» қазақ-вайнах клубының, «Patriot» спорт клубы, «Кадыргалиев Т.А.» ЖК, «UralskRunners» жүгірушілердің клубы ұйымдастырып, қаражат жинауға ерекше үлес қосты.

Көп тонналық жүк көлігінің сыртына ҚХА және Орал қаласының логотиптерімен қатар, «Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мақтаарал тұрғындарына гуманитарлық көмек» деген жазу жапсырылған. Су тасқыны кесірінен қиын жағдайда қалған Мақтаарал ауданының тұрғындарына БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы осылайша қолдау білдірді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, батыстан оңтүстікке дейінгі көптомдық гуманитарлық жүкті жеткізетін адамдарға сәттілік тіледі.


Back to the list