Қазақ жерінің жылуы

Қазақ жерінің жылуы

Версия для печати

Осындай атаумен қалалық мәдениет үйінде этностардың облыстық форумы өтті. Іс-шараны «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен «Коперник» поляк мәдени орталығы Қарағанды қаласының  «Polonia» поляк қоғамы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Форум жаңа қазақстандық мереке – Алғыс айту күніне орайластырылды.

Оны атап өтуді Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-сессиясында Президент Нұрсұлтан  Назарбаев  ұсынған болатын. Елбасымыз столыпин реформалары кезеңінде біздің елімізге милионнан астам ресейліктер, украиндықтар және белорустар қоныс аударғанын атап өтті. «Ұжымдастыру жылдары бұрынғы КСРО орталық аудандарынан мүлкілерінен айырылған 250 мың шаруа жер аударылды.  Сталиндік режимде әр түрлі жылдары бірсыпыра халық жер аударылды:  800 мың неміс, 102 мың поляк, Солтүстік  Кавказ халқының 550 мың  өкілі, Қиыр Шығыстан 100 мыңға жуық  корей отбасылары. Мұқтаждық көріп отырған қазақ отбасылары оларды өз үйлеріне қабылдады, - деп баса айтты Н.Назарбаев.

Жыл сайын 1 наурыз күнін барлық этностардың бір-біріне алғыс айту күні ретінде атап өту туралы ұсыныс осылай жасалды.

Сондай-ақ 22-сессияда Мемлекет басшысы осындай дәстүрді енгізу қазақстандықтарды одан әрмен жақындастыратынын, бұл күн мейірімділік пен махаббат күніне айналатынын атап өтті.

Көктемнің алғашқы күні «Қазақстан жерінің жылуы» облыстық форумына қатысқан адамдардың барлығы осы сезімге бөленді.   

Ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға Петропавл және Қарағандының жеке орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары, сонымен бірге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қатысты.

Сахна төрінде 130-дан астам этнос тұрып жатқан біздің еліміздегі бейбітшілік пен келісім мадақталды. Халықтар достығы – бұл Республиканың баға жетпес дәулеті!

Айтып кетсек, 1 наурызда тек біздің қаламызда емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстан бойынша басқа ұлт өкілдері қазақтың қасиетті жері олардың екінші Отанына айналғаны үшін елімізге, бүкіл қазақ халқына алғыс сөздерін жаудырды. 

Бұдан әрі көрермендерге «И яблони зацветут» символды спектаклі қойылды. Кейін экраннан Мария Балажентис өз алғысын білдірді (спектакль оның өмірінде болған оқиғалар негізінде қойылды, ол қоныс аударған адамдардың қиындықтары жөнінде болды …). 

- Халыққа қамқорлық жасағаны үшін Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа айтар алғысым шексіз, - деді  Мария Балажентис. – Біздің татулықта өмір сүретінімізге, басқа елдердегідей соғыс болмағанына мың да бір рахмет. Бастысы біз бір-бірімізді жақсы түсініп, қолдау көрсеттік. Жазаланғандар  үшін туған ошаққа айналған Қазақстанға және бізге жақын да бауыр болып кеткен бүкіл қазақстандықтарға үлкен рахмет. Мерекемен!».

Польшадан келген әнші Катажины Хенсының жарқын даусы көрермендерге жақсы етті.  Ол «Аве Мария» әнін шырқады.

Сахнаға облыстық мәдени орталықтардың басшылары және Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов көтеріліп, форумға қатысушыларға құттықтау сөздерін арнады. Олар жиналған қауымға бейбітшілік, ынтымақ, денсаулық және отбасылық береке тіледі.

Форум әсерлі флеш-мобпен тәмамдалды: балалар аспанға әуе шарларын ұшырды.

   

   

 «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 

Back to the list