Қазақстан мен Әзірбайжан музыканттары онлайн режимде «Сары гялин» әнін орындады

Қазақстан мен Әзірбайжан музыканттары онлайн режимде «Сары гялин» әнін орындады

Версия для печати

Әзірбайжан композиторы Илаха Гисмет Исрафилова мен атақты «Номад» қазақ ұлттық аспаптар ансамблі 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай әзірбайжан халқының «Сары гялин» әнін бірлесе орындады.


Өзара ынтымақтастық Астана Халықаралық университеті мен Қазақстанның BIRGEMIZ қайырымдылық платформасының қолдауымен #үйдебол кампаниясы аясында өтті.

Илаха Гисмет Исрафилова музыкалық отбасында дүниеге келгенін атап өту қажет. Бюльбюль атындағы орта арнайы музыка мектебінде бастауыш музыкалық білім алып, кейіннен оны У. Гаджибейли атындағы Баку музыка академиясында (БМА) әйгілі композитор Ариф Меликов класындағы композитор ретінде жалғастырды. Қазіргі уақытта БМА-да докторант және ғылыми қызметкер ретінде қызметін жалғастыруда. Әзірбайжан Композиторлар Одағының «жастармен жұмыс» бөлімінің және «Халықаралық мәдени байланыстарды дамытуды қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып табылады.

Жас композитор балет жанрына бет бұрып, Деде Горгуд дастанының желісі бойынша аттас балет жасады, бұл еңбегі арқылы ол үлкен танымалдыққа қол жеткізді.

«Номад» ұлттық аспаптар тобы қазақтың ұлттық фольклорлық аспаптарынан тұрады. 2012 жылы топ жетекшісі Олжас Құрманбек студент кезінде құрған ансамбль бүгінгі таңда «Мәңгілік ел», «Күлтегін» және «Жібек жолы» шығармалары арқылы көпшілікке кеңінен танымал.

«Номад» тобы «Гейдар Әлиев Қоры, Мәдениет және туризм министрлігі, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы, Композиторлар одағы және Әзірбайжан ұлттық консерваториясы және басқа да халықаралық симпозиумдар мен фестивальдер ұйымдастырған «Мир мугама» V Халықаралық мугам фестивалінің қатысушысы болып табылады.


Back to the list