Ауылшаруашылық кәсіпкерлігі жастар арасында кеңінен танымал бола бастауда

Ауылшаруашылық кәсіпкерлігі жастар арасында кеңінен танымал бола бастауда

Версия для печати

Қостанай облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері «Aýyl – el besigi» жобасының аясында сүт-тауар фермасын да болып қайтты.

Қалалық мектептердің жоғары сынып оқушылары ферманың сүт өндіру технологиясымен танысып қайтты.


Аталмыш ауылшаруашылығы кәсіпорны 1200 ірі қараға лайықталып жасалған, ірі қара мал саны 2000 құрайды. Сүт фермасында кәсіпорынның үздіксіз жұмыс жасауына жауапты елу шақты адам қызмет жасайды. Директордың мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Алексей Стоянов оныншы сынып оқушыларына голштино-фриз асыл тұқымды сиыр туралы ақпарат беріп, сүт өндірісінің қыр-сырын баяндап берді.

«Сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізуде ірі қараны баптау жағдайы, малдың генетикасы, қорек-азығы маңызды. Сиырдың асқазаны төрт камералы, соның арқасында олардың көп мөлшерде ірі сабақты шөпті қорытуға мүмкіндігі бар. Әрбір 30 келі мал азығы 15 литр сүт әкеледі. Мал азығын өзгертетін болсақ, голштино-фриз асыл тұқымды ірі қара сүтті аз беруі мүмкін. Шаруашылықта 18 000 га жер бар, онда сүрлем мен пішен беретін әр түрлі дақылдар егіледі», – дейді директор орынбасары.

Үш жасар малдың салмағы шамамен 750-800 кг, оларға жақындағанда абай болу қажет, сондықтан да мал жайылым алаңына шыққан оқушылардың оларды сипауға және қоректендіруге батылы жетпеді.

«Біздің мақсатымыз - «Aýyl-el besigi» жобасын іске асыру. Ауылшаруашылық кәсіпкерлікті насихаттау, жастарды ауылға тарту, кәсіпкерлік - заман қажеттілігі, оларды кәсіпкерліктің қыр-сырымен таныстыру», - дейді «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Руслан Мурзагалиев.


«Бұл 9-11 сынып оқушылары үшін өте жақсы іс-шара. Біз оқу жоспары бойынша «Менің таңдауым» тақырыбын өтіп жатырмыз, оқушылар болашақ мамандықтарын таңдайды, өзара пікір алмасады», - дейді № 5 орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Татьяна Лукашина.

«Жастар ауылшаруашылығымен айналысса, нұр үстіне нұр болмай ма? Егер осы кездесуден кейін оқушылар ауылшаруашылық мамандығын таңдайтын болса менің мақсатымның орындалғаны», - деді Алексей Стоянов.

Back to the list