Қарағанды: «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы

Қарағанды: «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы

Версия для печати

12 наурызда сағат 12.00-де Қарағандыда (ҚХА Достық үйі) Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясының «Кемеңгерліктің дара жолындағы – Ұлы тұлға» атты кезекті кезеңі өтеді.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Ж. Түймебаев, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының құрдастары мен қатарластары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ҚХА мүшелері, жастары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері және тағы басқалары қатысады деп күтілуде.

Ассамблеяның «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы ҚХА 25 жылдығына арналған іс-шаралар аясындағы басты жобалардың бірі.


Экспедиция елдегі нақты адамдар мен ұжымдардың жетістігін үлгі ете отырып, Елбасының тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру мен дамытуға қосқан зор үлесін қоғам санасына бекітуге бағытталған.

Іс-шара барысында Тұңғыш Президент – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін дамыту және нығайту бойынша ақпараттық-насихаттық қоғамдық-саяси, ғылыми-ағартушылық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтеді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Тарихи-мәдени орталығына (Теміртау қ., сағ.: 11.00) бару ұйымдастырылады.

Back to the list