Қарағанды облысында «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясы» басталды

Қарағанды облысында «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясы» басталды

Версия для печати

Қарағанды облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тұңғыш Президент жолымен» халықтық экспедициясы» жобасының екінші бағыт бойынша ашылу салтанаты өтті.

Естеріңізге сала кетейік, үш бағыттан тұратын халықтық экспедицияның алғашқы бағыты бойынша оның ашылу салтанаты Елбасының туған жері Шамалған ауылында өткен болатын. Аймақтық деп аталатын екінші бағыт бүгін болашақ Президент еңбек жолын бастаған Теміртау, Қарағанды, қалаларынан бастау алды. Ары қарай экспедиция еліміздің түкпір-түкпірін аралайды. Ал үшінші бағыт бойынша экспедиция Елбасының халықаралық қатынас саласындағы еңбегін сараптайтын болады. Бұл Елбасының бастамасымен құрылған бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған іс-шаралар аясындағы басты жобалардың бірі.


ҚХА Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаев, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының құрдастары мен қатарластары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері бүгін Қарағанды облысына арнайы келді. Олар бірінші кезекте Теміртау қаласында болып, Тұңғыш Президент атындағы тарихи-мәдени орталықты аралады. Аталмыш орталық Елбасының Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен дамуы жолындағы баға жетпес еңбегін, тұлғалық, қайраткерлік болмысын дәріптейді.


«Тәуелсіз Қазақстан» деп аталатын бірінші көрме залында еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктері, «Өз дәуірінің ұлы» бөлімінде Тұңғыш Президенттің балалық шағы, мектеп, студенттік кезеңдері, «Тұлға феномені» бөлімінде Қазақстан Магниткасының құрылысы, «Қазақстанның құрыш профилі» бөлімінде Карметкомбинат алып металлургия комбинатының өндірісі мен дамуы, «Уақыт ағынында» бөлімінде Тұңғыш Президенттің саяси еңбек жолының басталуы, «Қазақстандық жол» бөлімінде Тәуелсіздік жолындағы тарихи оқиғалар фотокөрме және деректі құжаттар негізінде таныстырылған.

Back to the list