«ANK live» қонақтары: Отан туралы тәлімді дәрістерді балабақшадан бастау қажет

«ANK live» қонақтары: Отан туралы тәлімді дәрістерді балабақшадан бастау қажет

Версия для печати

Еліміздің айтулы мерекесі - Отан қорғаушылар күніне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Facebook және lnstagram ресми парақшаларында «ANK live» жобасының тікелей эфирі өтті.


Тікелей эфирдің қонақтары болған Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің генерал-майорлары Владимир Александрович Шацков пен Марат Сералыұлы Нагуманов өздерінің еңбек жолдары туралы, соның ішінде ел қауіпсіздігінің мақсаттары мен әскери патриоттық тәрбие жөнінде әлеуметтік желі кеңестігіндегі оқырмандарға кеңінен баяндады.

Тікелей эфир барысын Нұр-Сұлтан қаласы «Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығының төрағасы, белгілі блогер Рустам Абдусаламов жүргізіп отырды.


Тікелей эфир барысында сөз алған В. Шацков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылу тарихын және оның алғаш рет негізін қалаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалап, еліміздің қорғаныс саласын дамыту бойынша тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі - Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің елеулі еңбек сіңіргенін ізгі ілтипатпен атап өтті.

Кеңес Одағы ыдыраған сәтте еліміз алдында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жан-жақты жоғары техникалық жабдықтармен құру міндеті осы сала мамандарына зор жауапкершілік жүктеген. Жұмыстарды тиянақты атқару ісінде әскери мамандар күндіз-түні тыным таппай, бар күш-жігерлерін аямады. Соның нәтижесінде әскери сала бірнеше құрылымдарға жасақталып, мамандар өзіндік міндеттерін адал атқару үстінде.

Өз кезегінде М. Нагуманов жалпы балалар бақшасында Отан туралы тәлімді дәрістердің жүргізілуі қажеттігін атап өтіп, бұл өз кезегінде жасөспірімдерді өз елін сүюге үндейтінін, патриоттық тәрбиенің қайнар көзі болатынын мәлімдеді.

Жалпы тікелей эфирде тәуелсіз Қазақстанның даму ерекшеліктері, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің үлесі, жас ұрпақтарды әскери-патриоттық рухта тәрбилеу мәселелері кеңінен сөз болды.

Back to the list