Ғалымдар онлайн-дөңгелек үстел барысында Әл-Фарабидің мұрасын талқылады

Ғалымдар онлайн-дөңгелек үстел барысында Әл-Фарабидің мұрасын талқылады

Версия для печати

Алматы технологиялық университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы, Білім және ғылым Министрлігінің және жоғарғы оқу орындарынығ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедралары Ассоциациясының қолдауымен, ZOOM платформасында ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы дала мұраттары және Әл-Фараби мұралары» атты республикалық онлайн-дөңгелек үстел өткізді.

Кездесуге Нұр-сұлтан қаласынан «Қазақстан халқы Ассамблеясының» мүшесі Джумурбаев Тимур Габдулович, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Нур-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінің, Ільяс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің фарабитанушы ғалымдары, Алматы технологиялық университетінің «Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар» және «Мемлекеттік және шет тілдері» кафедраларының Әл-Фараби мұраларын насихаттаушы оқытушылары мен студенттері қатысты.

Басқосуда Ільяс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д. Аманжол Қасабеков «Әл-Фараби – данышпан тұлға» атты баяндама жасады.


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, фарабитанушы ф. ғ. д. Жакыпбек Алтаев әл-Фарабидің мұрасы туралы сөз қозғаса, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д, профессор Айнұр Құрманалиева «Әл-Фараби мұрасындағы тіл мен логиканың байланысы» туралы сөз қозғады.

Алматы технологиялық университетінің кафедра доценті, ф.ғ.к. Асхат Закирьянов фарабитанудың маңызына, Нур-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінің доценті ф.ғ.к. Базаркүл Хамзеева «Әл-Фараби» ғылыми Орталығының тарихына кеңінен тоқталды.

Ільяс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Күлпан Аликенова «Әл-Фарабидің мәдени тағлымы», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры ф.ғ.д. Гүлжан Әбдіғалиева, АТУ-дың «Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар» кафедрасының сениор-лекторлары, с.ғ.к. Гүлжан Камырова мен Зәйтуна Әшімова Әл-Фарабидің саяси көзқарастары туралы баяндама жасады.

Дөңгелек үстел барысында ұстаздар пікірлерімен бөлісті, техникалық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне «Әл-Фараби мұралары» атты арнайы курс идеясын ұсынды.

Back to the list