Алматыда қырғыз ұлттық киімдер фестивалі өтті

Алматыда қырғыз ұлттық киімдер фестивалі өтті

Версия для печати

Алматыдағы республикалық Достық үйінде жыл сайынғы «Ақ қалпағым-асыл қазынам» атты қырғыз ұлттық киімдер фестивалі өтті.


Шара аясында Орта Азия халықтарының ұлттық киімдерінің коллекциясы көрсетілді. Шебер, дизайнер Тілек Сұлтанның бірегей қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Қырғызстанның ұлттық киімдерін, атап айтқанда, әйелдердің бас киімдерін жасау және кию бойынша шеберлік сабағы, сонымен қатар концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.


Бұл фестивальге этномәдени орталықтардың жетекшілері мен мүшелері, Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында өтті. Олардың пікірінше, әрқайсымыз өз халқымыздың тарихын, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуын, оның ішінде ұлттық киім тарихын білуге тиіспіз.


«Бүгін біз сіздермен «Ақ Қалпағым - асыл қазынам» ұлттық мерекемізбен бөлісу үшін жиналдық. Бұл жерде тек қырғыздардың ғана емес, сонымен бірге бүкіл Орталық Азия халықтарының ұлттық элементтері бар екенін атап өткім келеді. Осы арқылы біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің тығыз байланыста екенін көрсеткіміз келді», - дейді «Мурас» қырғыз этномәдени бірлестігі төрағасының міндетін атқарушы Манас Ташыбеков.


Back to the list