Алматыда ҚХА Шыңына шыққандар марапатталды

Алматыда ҚХА Шыңына шыққандар марапатталды

Версия для печати

Алматы қаласының Достық үйінде 2018-2019 жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясының Шыңына шығуына арналған іс-шара өтті.


Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Александр Серазетдинов жиналғандарға Қазақстан халқы Ассамблеясының шыңы Нұр-Cұлтан шыңымен бір тау жотасында орналасуының идеясы мен бастамасы, Альпиниада 2018 аясында ел азаматтарының осы шыңға жаппай шығуы және 2019 жылы ҚХА шыңында үш тілде ескерткіш тақтаның орнатылуы туралы кеңінен әңгімелеп берді.


2018 жылы азаматтардың осы шыңға алғашқы жаппай шығуы кезінде (200-ге жуық адам) ҚХА (А. Серазетдинов) және Альпинизм федерациясының (А. Софрыгин) өкілдері алғаш рет ҚР мен ҚХА-ның мемлекеттік тулары тігіліп, сондай-ақ тарихта алғаш рет портативті акустикалық жүйенің көмегімен еліміздің Әнұраны шырқалды.


Іс-шара аясында Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Казбек Мамсуров пен Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Нурия Ниязова Алматы қаласы Альпинизм Федерациясының Президенті мен өкілдеріне Ассамблеяның Алғыс хаттарын табыстады.

Жиналғандардың назарына осы шыңға шығу туралы түсірілген арнайы деректі фильм ұсынылды.

Back to the list