Алматы: ҚХА медицина қызметкерлеріне акция ұйымдастырды

Алматы: ҚХА медицина қызметкерлеріне акция ұйымдастырды

Версия для печати

2020 жылдың 22 мамырында жалпы республикалық #bizbirgemiz акциясы аясында және Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Алматы қаласындағы Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының филиалы Алматы қаласындағы № 5 Қалалық клиникалық ауруханасының медицина қызметкерлеріне 2 тонна азық-түлік беріп, көмек көрсетті.

Төтенше жағдай режімі мен карантин кезінде коронавирус пандемиясының таралуына байланысты медицина қызметкерлері денсаулығына төнген қауіп-қатерге қарамастан, өз міндеттерін абыроймен атқарған еді. Әлі де ақ халатты абзал жандар вирус жұқтырған жандарды аяқтан тұрғызу үшін аянып жатқан жоқ.

Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы карантин кезінде медицина қызметкерлеріне осымен үшінші рет акция өткізіп отыр. Айта кетсек, азық-түлік өнімдерін Metall Prom Group компаниясының директоры, ҚХА мүшесі – Долкунтай Абдулхалил ұсынды.

Back to the list