You are here

Жастар бірлестіктер

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жастар бірлестіктерінің Үйлестіру кеңесінің төрайымы Элина Сергеевна Паули.

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі құрамына облысымыздың этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты кіреді, ол 2001 жылы құрылды.

Жастар бірлестіктерінің басты мақсаты өзара сыйластық, отансүйгіштік, Қазақстан халқының салт-дәстүрі мен тарихына құрметпен қарау, жас буынның азаматтығын қалыптастыру, ұлттық бірліктің маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді меңгеру қажеттілігін насихаттау болып табылады. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде мынадай әдіс-тәсілдерді пайдаланады: Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері мен атаулы күндеріне арналған іс-шараларға қатысу, «дөңгелек үстелдер», ғылыми-тәжірибелік конференциялар, патриоттылық-адамгершілік бағыттағы ақпараттық акциялар, зияткерлік және сауықтық шаралар, дәрістік семинар-тренингтер, жастар шығармашылық ұжымдарының фестивалдерін ұйымдастыру және тағы басқалар.

Қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ортақ Отанымыз Қазақстанның біртұтастығын, туған елмен терең байланысын сезінуі үшін алдымен, жас буынды ел рәміздерін құрметтеуге баулудың орны бөлек. Жастар бірлестіктері өкілдері «Менің Қазақстаным», «Қазақстан патриоты болу - Отаныңды жүрегіңде ұстау», «Біз бір командадамыз» атты шаралардың белсенді қатысушылары.

Бұл тұста «Патриот» жастар пікірталас орталығының орны ерекше. Жоспарлы түрде өткізілетін мәжілістерде «Нағыз патриот ол кім?», «Қазіргі заманғы Қазақстандық қандай болуы керек?» даган тақырыпта өзекті мәселелер қызу талқыға түсеті.

Үйлестіру кеңесі - мемлекеттік тілде өтетін патриоттық әндер байқауын ұйымдастырушы және жастардың ұйымдастыруымен бірнеше жыл қатар өтіп келе жатқан игі шаралардың бастамашысы.

Жастар құрылымдары қызметінің басты бағыты «Тілдердің үштұғырлығы» жобасына қатысуы, ұлттық бірлікті нығайтудың басты факторы ретінде мемлекеттік тілді үйрену қажеттілігін, жаңа инновациялық әдістерді енгізуде белсенділік таныту. Жастар қанатының мүшелері мемлекеттік тілді арнайы лингвистикалық лагерлерде, ҰМБ жастар алаңында, мемлекеттік тілді меңгеру бойынша тестілеу шараларында, «Жас лидер» зияткерлік ойындарында көрсетіп жүр. Тілді жақсы меңгерген ҰМБ жастары «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» жастар слеті, дөңгелек үстелдер, форумдарға қатысып, тәжірибе бөлісті.

ҰМБ жастары шығармашылық ұжымдар қатарында өнерлерін көрсете жүріп, қызығушылықтары мен таланттарын шыңдап, өз ұлтының рухани және мәдени құндылықтарын сақтауға өздерінше үлес қосып келеді.

Үйлестіру кеңесі облыстың оқу орындарымен тығыз байланыс орнатты. Әсіресе С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін атап өтуге болады, дәл осы оқу мекемесінде ассамблея филиалы жұмыс істеуде.

Жастар құрылымдары Үйлестіру кеңесінің басты жетістігі – достық, ұжымда тіл табысу, бірігіп жұмыс істей алу қабілетін айтуға болады. Бұл өзіне сенімді, отансүйгіш, демократиялық мемлекеттің құрылысын әрі қарай жаластырушы мықты буынды тәрбиелеу деген сөз.

Павлодар қаласы,1 Мамыр көшесі, 35/1, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ

тел.: 32-17-37

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 51 21

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15