You are here

Ұлттық тағам – халықтар достығына жол

14.10.2016, 13:09   172

Версия для печатиPDF versionEPUB version

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің  Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұлттық  жәрмеңке өткізді.

Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың тағамдарыы мен мәдениетіне арқау болатын жәрмеңке әр екі апта сайын өтетін болады.

Фестивальдің ашылуы қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық тағамдарын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды. Қонақтар жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің өз қолдарымен даярлаған ұлттық тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке қазақ халық әндерін тамылжыта орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты.

– Әрбір ұлттың өзінің ерекшелігі бар, – дейді жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Ақбота Сарыбай. – Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен  ерекше ұлттық тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар – халықтар достығына апарар жол бола алады.  

www.psu.kz

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15