You are here

Таңғы балғындық еліне қош келдіңіздер

14.12.2016, 18:19   782

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Азия елдерінің тұрғындары да, мемлекеттер де бір-біріне ұқсамайды, олардың өз әдет-ғұрыптары бар және тіршілік салты да өзгеше болады. Ал Инновациялық Еуразия университетінің студенттері мен қызметкерлеріне осындай елдердің бірінің таңсық мәдениетімен және барлық ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігі туды. Мұнда жақында ауқымды, көрермендердің есінде көпке дейін сақталатын іс-шара – Корей мәдениетінің күні өтті. 

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, олардың әрқайсысы өз әдет-ғұрпын сақтай отырып, біздің жас егемен мемлекетіміздің дамуына лайықты үлесін қосып келеді. Кәрістердің ауыр тағдыры туралы тарих ғылымдарының кандидаты Сәкен Зейнуллаұлы Раздықов өз баяндамасында тоқталып өтті.

- Корея этносы дербес әлеуметтік мәдени тұтастық қауым ретінде қазіргі Корей түбегінің аумағында өте көне заманда қалыптасқан. Қиыр Шығыс кәрістері КСРО халықтарының ішінде депортацияның, яғни тұрғылықты мекеннен күштеп қуылудың не екенін алғашқы болып білді. Сол кезде корейлік отбасылардағы туу коэффициенті Қазақстан бойынша орташа коэффициенттен асып тұрды, ол 1937 – 1939 жылдары 1000 тұрғынға шаққанда 42,4 адамнан келді. Ал өлім-жітім коэффициенті республика бойынша орташа көрсеткіштен 2 еседей асып кетті. Мұның артында тірі адамдар тұрды, олардың үзілген тағдыры, жаңа жағдайларға бейімделу, ол үшін адамның баға жетпес өмірінің жылдары жұмсалды. Біздің еліміздің аумағында олар жаңа отанын тапты, мұнда тұрып жатқан халықтың арасынан өз орнын алды,- деді Сәкен Зейнуллаұлы.

Көпшілік айтқандай, корей биі әлемдегі ең әдемілердің бірі. Корей мәдениеті күнінің қонақтары бұған көздерін жеткізді. Мерекелік іс-шараға Павлодар облысының корей этномәдени бірлестігінің өкілдері белсенді қатысты. «Анён» хореографиялық ансамблі бірнеше ұлттық би билеп, көрермендерді өз өнерімен тәнті етті.

Күрделі қимылдар, көздің жауын алатын костюмдер мен басқа да нышандарды мерекеге жиналған қонақтар тапжылмай отырып тамашалады. Ал заманауи корей биінің «Black unicors» және «Flower Power» ұжымдары би алаңын қыздыра түсіп, залды таң қалдырды. Вокалдық ансамбльдер көрермен назарына корей тілінде ғана емес, қазақ тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде орындаған әндерін ұсынды.

Бұл елдің мәдениетіне деген қызығушылық бүкіл әлемде, сондай-ақ Қазақстанда да артып келеді. Адамдар корейлік k-pop орындаушылар, актерлар, тағамдары, дәстүрлі және заманауи киімдері, косметика мен корей мәдениетінің басқа қырлары туралы ақпаратты іздейді. Тіпті, жастар өздерінің сүйікті әндері мен дорамдарын субтитрсіз түсіну үшін корей тілін де үйренеді.

Корей мәдениеті күнінің соңында мереке қонақтарына дәстүрлі, таңдаулы тәтті нан – шәрбәт құйылып және күнжүт дәндері мен кондитерлік түйіршіктер себілген, үлпілдеген корей хворосты кадюридің дәмін тату ұсынылды.

- Корей мәдениеті күнін ұйымдастыру және өткізуге ат салысқаны үшін ЖОО басшылығына, әсіресе Владимир Александрович Шнайдерге, сонымен қатар іс-шараға белсенді қатысқан және корейліктердің тарихы туралы айтып берген Сәкен Зейнуллаұлы Раздыковқа алғыс білдіреміз,- деді корейлік этномәдени бірлестік төрағасының орынбасары Раиса Самсоновна Афанасьева.

Мәдениеті мен салт-дәстүрінің әр түрлі болғанына қарамастан қазақ және корей халқын біріктіретін ортақ дүниелер бар, ол – қонақжайлылық, жылы шырайлылық пен бай мәдени мұра.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15