You are here

С.Торайғыровтың шығармалары тыңдалды

18.09.2017, 16:52   299

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Павлодар мемлекеттің университетінде көрнекті қазақ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының және ҚР Кітапханалық ассоциациясының бастамасымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2017 жылы жалпыға ортақ оқу үшін танымал қазақ ақыны, жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың еңбектері таңдалды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ мәдениетінде шынымен де өшпес із қалдырған дарынды тұлға. Өзінің қысқа ғұмырында ол ұлт үшін көптеген маңызды жұмыстарды жасады. Ұлт мәдениетінің тарихынан өшпес орын алды.

Ақын еркіндік тақырыбын жан-жақты баяндады. Ол өзінің шығармашылығын туған халқына арнады, қазақ өмірін жандандырудың жолдарын іздеді. Оның шығармалары қазақ әдебиетінің қазынасына енгізілген, әдеби қордан ойып орын алды.

Іс-шараға келгендер атақты жазушының әдебиеті мен шығармашылығына ерекше қызығатынын білдірді. Студенттер ақынның өлеңдерін жатқа оқып, оқыған еңбектері бойынша пікір алмасты.

Мадина Тілеубекова «Жас жүрек», Ұлжан Сабырхан «Оқып жүрген жастарға» деген өлеңдерін оқыды. Қазақ әдебиеті секторының кітапханашысы Журсиля Әбілдинова электрондық кітапты таныстырды, сондай-ақ, әдебиеттерді библиографиялық шолудан өткізіп, кітап көрмесін ұсынды.

Іс-шара қатысушылары биыл жерлесіміз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың еңбектерінің таңдалып алынуы – біз үшін үлкен мереке екенін атап өтті.

www.psu.kz

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15