You are here

Славян мәдени орталығының мерейтойы

03.11.2016, 20:40   373

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Павлодар облысы Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында Славян мәдени орталығының 20 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев этномәдени бірлестік мүшелерін мерейтоймен құттықтап, оларға алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті.

Жуырда ғана біз, «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігін мерейтойымен құттықтап едік, сіздердің мерекелеріңіз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр. Көптеген ғасырлар бойы, соғыс немесе қиын-қыстау кезде қазақтар мен орыстар әрдайым бірге болған, қуынышты және қайғыны бірге бөліскен, тіпті орталықтың мерейтойын бір айда тойлаймыз. Бүгінгі осы қуанышты бөлісуге келген барлық этномәдени бірлестіктердің төрағаларын, Ресей Федерациясы елшілігінің өкілдерін көргеніме қуаныштымын. Сіздерді осы айтулы датамен құттықтауға және Славян мәдени орталығының қызметіне үлкен үлес қосқан адамдарды атап өтуге рұқсат етіңіздер, – деді Мейрам Бегентаев.

ҚХА грамотасымен Павлодардағы мәдениет және өнер қайраткерлері: Ольга Григорьева, Наталья Колодина, Клавдия Кузьминская, Александр Пархоменко; Павлодар облысы әкімінің құрмет грамотасымен: Елена Игнатовская, Людмила Коняхина; облыс әкімінің алғыс хатымен: Наталья Олешникова и Виктор Савин марапатталды.

Бірлестікті ұзақ жылдар бойы басқарып келе жатқан басшысы Татьяна Кузина бүгінгі таңда орталықта 20-дан астам шығармашылық ұжым жұмыс істейтінін айтып өтті.

- Фольклорды сүйіп тындайтын адамдар үшін «Славянки» және «Лада» ансабльдері жұмыс істейді. Жасы келген адамдар «Рябинушка» ансамблінде сүйсіне ән шырқайды. «Соседушки» халықтық фольклорлық ансамблі барлық фестивальдерде Славян мәдени орталығы мен Павлодар облысының атынан өнер көрсетеді. Ең басынан бастап орталықтың көптеген жұмысын жастар кеңесі жүргізеді. Бүгінгі таңда орталықта жастарға арналған көптеген әртүрлі клубтар мен бірлестіктер бар: «Зодиак» клубы, «Павлодарский городок» миниатюралар театры, «Раздолье» хореографиялық ансамблі, «Северная башня» тарихи семсерлесу клубы, - деді Татьяна Кузина.

Шығармашылық ұжымдар әндер орындап, музыкалық және би нөмірлерін көрсетті, сондай-ақ, бірлестіктің құрылуы мен дамуы және 20 жыл ішіндегі жетістіктері туралы фильм көрсетілді.

Шукуева
pavlodarnews.kz

 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15