«Рухани жаңғыру – менің өмірлік бағдарым»

Версия для печатиPDF versionEPUB version

«Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің акт залында Тұңғыш Президент күні мерекесі аясында «Рухани жаңғыру – менің өмірлік бағдарым» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Бағдарлама ұйымдастырушысы болып «Эльбрус» қарашай-черкес қабарда-балкар этномәдени бірлестігі атанды. Іс-шара барысында Елбасының  саясатының нәтижесінде еліміздің көптеген жетістіктері жөнінде айтылды, ал этномәдени бірлестіктің шығармашылық ұжымдырының орындауында мемлекеттік тілде патриоттық әндер мен кавказ халқының мың бұралғын билері орындалды.

 Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы барлық жиналған қауымды келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен құттықтады. Сонымен қатар, ол еліміздегі қоғамдық келісім мен бейбітшілікті дамытудағы рөлі ерекше институт Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасымыздың бастамасымен құрылғанын айтып өтті. Жастар бойындағы патриотизмді дамытуға бетке алып отырған бірлестік басшылығына да игі тілектер айтылды.

  Бүгінде бүкіл елдің қолдауымен сеніміне ие болып, елді сындарлы жолмен болашаққа айқын бастап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел дамуына қосқан үлесі жөнінде облыстық татар-башқұрт ЭМБ төрағасы, облыстық ҚХА жанындағы «Ақсақалдар алқасы» кеңесінің төрағасы Галеев Минир Хамитұлы мен «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Максилова Бақытжамал Шаханқызы сөз сөйлеп, этномәдени бірлестік қатысушыларына шығармашылық табыстар тіленді.   

Өз сөзінде Эльбрус» қарашай-черкес қабарда-балкар этномәдени бірлестігінің төрайымы Байрамкулова Мария Алботовна Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, елімізде игі бастамалардың іске асырылуы Н.Ә.Назарбаевтың есімімен байланысты деп атап өтті. Оның айтуынша Мемлекет Басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, ілгерілеу мен өркендеу жолында келеді. Ал бейбітшілікті ту еткен мемлекетіміз жүзден астам ұлт пен ұлыстың құтты мекеніне айналды.

Іс-шара барысында көптеген әсем әндер мен кавказ халқының биері орындалды. Мерекелік бағдарлама көрермендер көзайымына айналған «Теберда» вокалдық тобының  «Тек алға» әнімен аяқталды.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.