You are here

Рухани келісім күні - Павлодарда

19.10.2016, 21:27   524

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі Қазақстан Республикасындағы Рухани келісім күніне арналған үлкен концерттік бағдарламаға қатысты..

Іс-шараны «Tandau foundation» өңірлік қоғамдық қоры ұйымдастырды. Қоғамдық қор директорының орынбасары Александра Бобкованың айтуынша, ұйым 2003 жылдан бастап жұмыс істейді, ал оның қызметі жастардың шығармашылық және әлеуметтік бастамаларын қолдауға, жастардың мәдени өсуіне жағдайлар жасауға, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

«Рухани келісім күні біздің елімізде 20 жылдан бері аталып келеді, – деп атап өтті Александра Бобкова. – Бүгінгі іс-шараға жастарды көптеп қатыстыруға тырыстық. Себебі олар осындай іс-шаралардан  толеранттылық, этносаралық және конфессияаралық келісім туралы көп ақпарат ала алады. Іс-шараға Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттері белсене қатысып, өздерінің вокалдық және хореографиялық дағдыларын көрсетті. Осы жерде болашақ педагогтар білім алуда. Бүгінгі іс-шарадан жинаған тәжірибелері олардың болашақтағы қызметіне септігін тигізеді деп сеніммен айта аламын».

Рухани келісім күні аясында облыс орталығында бұдан да басқа бірнеше іс-шара өткізіледі, олардың қатарында Павлодар білім беру ұйымдарында дәрістер мен семинарлар өткізіледі.

Қазақстанда Рухани келісім күні 1992 жылдан бастап 18 қазанда аталып өтіледі. Бұл қайырымдылық, өзара түсіністік және татуласу күні болып табылады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15