You are here

Рождество да таяды...

02.12.2016, 15:10   238

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Міне, керемет уақыт - Рождество  мерекесінің алдындағы, оны күту уақыты да келді. Оны «1 Адвент» деп атайды. Осы уақытта христиандар мерекеге дайындалады. Осы кезеңде біздің барлығымызды көптеген қуаныштар күтіп тұр, жуыр арада барлық балаларға Николаус өз сыйлықтарымен келуі керек. Мереке шеңберінде Павлодар қаласының Достық үйінде «Возрождение» Павлодар облыстық немістер қоғамының мүшелері рождестволық дәстүрді білуге арналған «Мереке бізге келеді» облыстық сайысы өткізілді.

«Возрождение» Павлодар облыстық немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінде  кездесу өткізу жақсы дәстүрге айналды. Достықта майшам жағып: қылқан, мандарин, даршын иісімен келетін тамаша мерекенің   ұмытылмас ғажабын күту сезімі – ол айтып жеткізуге болмайтын сезімдер. Залда  жиналған барлық адамдардың жүрегінде осы сезім толы болды.

Қаламыздың ең керемет залдарының бірі және жайлы жағдай мерекені шындығында ғажайыпқа айналдырды. Іс-шара шыбық және қылқан, алма мен шарлардан жасалған керемет Рождестволық композициялар, осында сыйлық үшін қойылған Әулие Николайдың етіктері, әдемі банттар мен қар, жылтыр қағаз, кәмпиттер, Криппеншпильді орнату сияқты қарбаласқа толы болды. Осының барлығы Христостың тууы көрінісі болып табылады, дәстүр бойынша ол әр отбасында орнатылуы керек.

Бұл Тұңғыш Адвент кездесуі ерекше болды. Мереке шеңберінде «Мереке бізге келеді» атты немістердің дәстүрлі конкурсының облыстық деңгейі өтті. Қазақстан немістері қоғамдық бірлестігінің қауымдастығы «Wiedergeburt» және «Возрождение» облыстық неміс қоғамдық бірлестігі мерекенің  бастамашысы мен ұйымдастырушысы болды. Конкурс қазақстандық немістердің өзіндік мәдениеті мен дәстүрін, неміс халқының  тілін, салт-дәстүрін дамытуға бағытталады. Сайысқа Успен, Шарбақты және Розовка селоларынан, Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларынан келген командалар қатысты.

Ақсу қаласынан келген кішкентай биші және әнші періштелер көрермендердің жүрегін баурады, Екібастұздан келген Нелли Штрауб өз дауысымен сүйсіндірді, успенкалық  «Weidchen» ұжымы өзінің ысылған өнерімен есте қалды. Розовка селосының жастары сахнада жай алаушоқты тура рождестволық отшашуға айналдырғаны өте керемет әсер қалдырды. Павлодарлық команданың "Weihnachten in Familie" композициясы қазылар алқасы мен көрермендердің жүрегін баулап алды.

Надежда Шабулдаева дайындаған Павлодар қаласының командасы конкурс жеңімпаздары атанды, ал   Минц Людмила өнерімен сүйсіндірді. 2-ші орында Успен және Шарбақты аудандарының орталықтары, 3-ші орынды Екібастұз қаласы, Розовка және Павлодар аудандарының командалары бөліп алды.

Ата-аналар мен балалар мерекені безендіруге бірге атсалысты, ал мереке соңында рождестволық дастархан жайылды.  Іс-шараның барлық қонақтары отбасындағы Рождестволық мерекенің жылылығын сезінді.

Литневская Ольга Владимировна,

“Возрождение” Павлодар облыстық немістер қоғамы”

қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15