Павлодарлықтарға арналған мерекелік іс-шара

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Өткен демалыста Павлодар қаласының жағажайында демалушыларға арналған концерттік бағдарлама өткізілді. Іс-шараға Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің және облыстық этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары қатысты.

Ұйымдастырушылар бағдарламаны ұлттық бренд болып табылатын «EXPO-2017» халықаралық көрмесі мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығына арнады.

Екі сағат бойы жалғасқан бағдарламаға «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің әншісі Уақбаева Құралай, славян мәдени орталығының «Раздолье» би ұжымы, поляк этномәдени бірлестігінің әншісі Немолочнова Светлана мен «Сырэны» вокалдық тобы, өзбек орталығының әншісі Ахмедов Ұлықбек, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің «Чишмя» вокалдық ансамбілі, казак әндерінің ансамбілі, соныдай-ақ кәріс орталығының «Moon Shine» заманауи би тобы қатысты. 

Досым Ахметов

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.