You are here

Павлодарлықтар шығарма жазу сайысына қатысты

25.11.2016, 18:29   290

Версия для печатиPDF versionEPUB version

24 қарашада Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-да «25 жұлдызды күн» - «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты іс-шаралар жоспары шеңберінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты мемлекеттік тілде шығарма жазу сайысы өтті.

Сайыс өткізудің негізгі мақсаты – жеке бас сауаттылығын тексеру және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Аталмыш акция халықтың азаматтық және өмірлік белсенділігін таныту ретінде қарастырылады. Шығарма жазуға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар және өз қазақ тілін тексергісі келген барлық адамдар қатысты.  Барлығы 70-тен астам адам атсалысты.

Бүгінгі шығарма жазу сайысына жас шектеулігіне қарамастан, барлық қалаушылар қатысты. Осы шараға мемлекеттік тілде және орыс тілде оқитын оқушылар, жастар өз білім деңгейін тексеруге келгені өте қуанышты. Қатысушылардың ішінде жастардың көбі өзге этнос өкілдері. Бұл, нақтылап айтқанда, жастар арасында қазақ тілінің әйгілігі туралы айтады» - деп өз пікірімен бөлісті – тексеру комиссиясының төрайымы, филология ғылымдарының кандидаты, Павлодар педагогикалық институтының профессоры Шахаман Рысгүл Бектемірқызы. Сайыс негізі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік символы туралы болды. Шығарма жазуды жақсы және өте жақсы жазғандарды құттықтау мен марапаттау қортынды нәтижесінен кейін өтеді – деп сөзін жалғастырды.

Сондай-ақ,  іс-шара шеңберінде, бір уақытта Қазақстанның барлық өңірлерінде республикалық мемлекеттік тілде шығармалар конкурсының 1-ші кезеңінің қортындысын шығару рәсімі өткізілді. Бұл конкурс мемлекеттік тілде сауатты меңгеру, отансүйгіштік сезімін және Қазақстан Республикасы үшін мақтанышын тәрбиелеу  абыройын арттыру мақсатында өткізілді.

Өңірде 8 қатысушы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты жалпыреспубликалық мемлекеттік тілде шығармалар конкурсының жеңімпаздары атанды. Бұлар Ертістің Павлодар өңірінің әртүрлі этностарын танытатын, әдеби дарынды балалар. Барлық қатысушыларға Павлодар облысы ҚХА-ның алғыс хаты табыс етілді.

Осы жеңімпаздар республикалық 2-ші деңгейде қатысатын болады. Өз кезегінде, Республикалық деңгейден өткен жеңімпаздар «Мың бала» мәдени-ағарту жобасының қортындысын шығару бойынша салтанатты іс-шараға қатысады, оларға дипломдар мен құнды сыйлықтар табыс етілетін болады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15