You are here

Павлодардағы «Қауын мерекесі»

04.09.2017, 15:34   151

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Павлодар қаласының орталық саябағында, жыл сайынғы «Бір шаңырақ астында» атты жазғы фестиваль аясында тәжік мәдениетінің күні өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушы - «Ситорай сомон» тәжік этномәдени бірлестігі. Осы жолы бірлетік белсенділері мен шығармашылық ұжымдарының қатысушылары қала тұрғындары мен қонақтарына «Қауын мерекесін» ұйымдастырды.

Мереке барысында барлық жиналған қауымға тәжік халқының салты мен дәстүрі, атақты адамдары, ұлттық тағам жайында көптеген ақпарат айтылып, қызықты сайыстар өткізілді. Ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді. Соған қоса, көрермендер тәжік халқының мәдениеті мен тұрмысымен, қолөнерімен, музыкалық аспаптарымен, биімен, Омар Хайямның шығармаларымен танысып, тәжік халқының ұлттық тағамы – палаудан дәм татты. Дегенмен, бұл күннің басты дәмі – қауын болғаны сөзсіз.

Тәжік халқының ұлттық дәстүрі олардың  бүкіл өмірімен тығыз байланысты деп атап өтті ұйымдастырушылар. Ол халықтың тұрмысында, киімде, азық-түлігі мен ойындарында анық байқалады. Бұл салтанатты күні  көрермендерге әдемі тәжік билері мен әндері паш етілді, сайыстар мен қызықты ойындар да өткізілді. Жерлестеріміз қарбыз бен қауынның көптеген пайдалы қасиеттерінен хабардар болып, ең тәтті және піскен жемісті таңдау құпияларымен танысты.

Халық көңілін көтеруге арналған сайыстардың ішінде сайыскерлерді қош иісті, балдай тәтті қауынға бір тойдырған «Бір минутта бір қауынды жеп тауысу», күшті де қарулы жігіттерді анықтаған «Қарбызды көтеру», жарысушылардың мергендіктері сынға түскен «Көздеп ату» сияқты ойындар аса қызықты өтті.  

Сондай-ақ, мереке құрметіне Якуб Джабинов музыкалық шашу шашып,   Достық үйінің Нұрлан Беков жетекшілік ететін хореографиялық ансамблі тәжіктің ұлттық билерін тарту етті. 

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев пен «Ситорай сомон» тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Хусайн Шомахмадович Гулов фестиваль қонақтары мен көрермендеріне белсенділіктері үшін ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан халқына бейбіт өмір, ынтымақ пен келісім тіледі.

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 4 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15