Павлодарда «Ұлттық домбыра күні» аталып өтілді

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Павлодарда Гагарин саябағында Ұлттық домбыра күніне орай 200-ге жуық адам бір мезетте Жаяу Мұса Байжанұлының «Құм жылан» күйін орындады.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбековтың айтуынша, шараға  аудан және жергілікті өнерпаздар жұмылдырылған.

«Бүгін өңірде айтулы мерекеге орай түрлі мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылды, - - Бұқар жырау атындағы өнер және әдебиет музейінде ашылған залда жергілікті белгілі тұлғалардың 20-дан астам домбырасы қойылған. Түстен кейін көркемсурет музейінде жергілікті суретшілердің картиналар көрмесі, мәдениет және демалыс саябағында Ақсу қаласы көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы өтеді. Кешке төменгі жағажайда «Әсерлі ән сал, домбыра» атты фестиваль жоспарланған», -деді Ардақ Райымбеков.

Сонымен қатар басқарма басшысы қазақ ұлттық аспаптар ансамблі мен музыкалық колледжінің домбыра ұлттық оркестрі Елбасының қатысуымен Астанада өтіп жатқан үлкен фестивальде  өнер көрсетіп жатқанын атап өтті.

Бұдан басқа, саябақта Қазақстан халқы ассамблеясы мен татар-башқұрт этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Сабантой мерекеленді.  

Республикалық татар-башқұрт конгресі жастар қозғалысының төрайымы Элина Паули дүрілдеп өткен Сабантой туралы өз ойын білдірді.  «Сабантойға мыңдаған адам қатысты. Оның ішінде татар-башқұрт қана емес, басқа да ұлт өкілдері қызығушылықпен қатысады. Бүгін 40-тан астам қолөнерші өздерінің жұмыстары мен ұлттық тағамдар ұсынып отыр. Қала қонақтары мен тұрғындары ұлттық асханадан дәм татып, жәрмеңкеден өзіне ұнаған затты сатып ала алады». 

Бұл күні сахнада орталықтың ардагерлері мен мен оқу орнын бітірген жастарға, жас  отбасыларға құрмет көрсетілді.  Балаларға арналған алаңдарда түрлі ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйылықтар табыс етілді.

 

Ақбота Сейсенбаева

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.