You are here

Павлодарда Сабантой мерекесі өтті

05.07.2017, 13:06   275

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Жуырда Павлодардың орталық саябағында татар және башқұрт халықтарының дәстүрлі Сабантой мерекесі өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы болып облыстық татар-башқұрт этномәдени орталығы атанды. Татар-башқұрт халқы Қазақстан жерін көптеген жылдар бойы мекен етіп келеді, ал дәстүрлі Сабантой мерекесі қаламыздың мәдени өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.

Мерекенің құрметті қонақтары қатарында еңбек ардагерлері, татар-башқұрт ЭМБ-нің ақсақалдары, Татарстан Республикасынан арнайы келген Татарстанның Халық әртісі Рустем Маликов болды. Сонымен қатар, мерекеге Екібастұз және Ақсу қалаларындағы, Железин, Баянауыл, Шарбақты, Павлодар аудандарындағы орталықтың бөлімшелері атсалысты.

Облыстық татар-башқұрт орталығының төрағасы Галеев Минир Хамитұлы өз сөзінде жиналған қауымды тамыры тереңде жатқан Сабантой мерекесімен құттықтады. «Мыңдаған жылдар бұрын қазіргі Қазақстан мен Татарстан жерінде біздердің ата-бабаларымыз бұл мерекеті атап өткен. Ал бүгін бұл мереке Павлодарда 29-шы рет тойлануда» - деді ол.

Павлодардағы Сабантой тек қана көңілді әндер мен жалын шашқан билер емес. Бұл татар және башқұрт халқының ұлттық тағамдары, қолдарбалы өнер туындылары, ұлттық күрес, гір көтеру, армрестлинг турнирі, татар халқының ұлттық «капчыкта сикерү», «аркан тарту», «күкәй белән йөгерү» және басқа да көптеген ойындар болып табылады. Күреске қатысу үшін мерекеге арнайы Астана, Карағанды, Семей қалаларынан командалар келді.

Ұмытылмас концерттік бағдарламаға «Чишмә», «Мирас», «Ялкын» ансамбілдері, бірлестіктің аудан бөлімшелерінен келген шығармашылық ұжымдары, Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары үлестерін қосты. Ұйымдастырушылардың жақсы дайындығы байқалды, барлығы қызықты әрі көңілді өтті.

Айтпаев Мақсат

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15