You are here

Павлодарда мемлекеттік тілде патриоттық әндердің XVI фестивалі өтті

11.12.2017, 10:27   133

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Өткен сенбі күні Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында облыстық жастар этномәдени бірлестіктері арасында  мемлекеттік тілде патриоттық әндердің XVI фестивалі өтті. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген фестиваль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26-жылдығына арналды. Іс-шара қонақтары қатарында облыс және қала басшылығы, мемлекеттік органдар мен Нұр-Отан партиясының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, ЖОО мен колледж студенттері, сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары болды. Іс-шараның ұйымдастырушысы болып Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі мен облыстық ҚХА хатшылығы атанды.

16 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан бұл фестиваль облыстық ҚХА жанындағы жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің табысты жобаларының бірі болып табылады. Шығармашылық ұжымдардың қатысушылары жыл сайын бұл фестивальге ерекше дайындықпен келетінін, айтылатын әндерге, дайындыққа, сахыналық образға көп көңіл адаратындарын ерекше атап өтуге болады.    

Ұйымдастырушылардың сөзінше патриоттық әндер фестивалі жастарға қолдау көрсету, оларды патриоттық рухта тәрбиелеп, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді дамытуға бағытталады. Фестиваль Екібастұз қаласындағы Достық үйінен арнайы келген вокалдық топтың «Япырай» әнін акапельді орындауымен және «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің «Ел бірлігі» вокалдық тобының «Отаным Қазақстан» атты әндерімен ашылды.

Қатысушылар құлақтан кіріп бойды алар жаңа әндермен қатар, барлығымызға таныс көптеген Отанға сүйіспеншілік тақырыбындағы, сондай-ақ қазақ елінің мәдени мұраларын дәріптейтін шығармаларды орындады. Іс-шараға барлығы 20-дан астам вокалдық және би ұжымдары атсалысты. Олардың қатарында «Алға, тек ұмтыл алға» әнімен кәріс этномәдени бірлестігінің «Кымпитсори» вокалдық және «Анён» би ұжымдары, украин ЭМБ-нің «Чарівні  струни» вокалдық ұжымы, белорус ЭМБ-нің «Надзея» халық ансамбілі,  грек ЭМБ-нің «Кардьес  апо  мусики» вокалдық ансамбілі, өзбек ЭМБ-нің «Ёшлик» вокалдық ансамбілі, әзірбайжан ЭМБ-нің «Одлар Юрду» ансамбілі, румын-молдован ЭМБ-нің шығармашылық ұжымы,  қарашай-черкес және қабарда-балкар ЭМБ-нің «Теберда» вокалдық ансамбілі, поляк ЭМБ-нің «Нарциз» вокалдық ансамбілі, Армян ЭМБ-нің «Эребуни» вокалдық ансамбілі, татар-башқұрт ЭМБ-нің «Мирас» халық вокалдық ансамбілі,  болгар ЭМБ-нің «Лазарки» вокалдық ансамбілі, фин-угор ЭМБ-нің «Туған жер» вокалдық және «Самрұк» би ансамбілдері,  неміс ЭМБ-нің «Wir» халық вокалдық ансамбілі, Славян ЭМБ-нің «Ярило» вокалдық ансамбілі және шешен ингуш этномәдени бірлестігінің «Илли» вокалдық ансамбілі болды.

«Тіл – халықтың жаны болып келеді, ал ән болса өз махаббатынды білдірудің тамаша тәсілі. Бүгінгі фестиваль арқылы барлық қатысушылар Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін залға лық толы көрермендерге жеткізе білді деп есептеймін. Биылғы іс-шаралар Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтуде. Патриоттық әндердің фестивалі осы бағдарламаның идеясын өте жақсы білдіреді деген ойдамын, мемлекеттік тілдің, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің дамуына ықпал етеді. Осы фестиваль болашақта да халықтың көңілінен шығатынына сенімім мол», - деп бөлісті «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің халық шығармашылығы бөлімінің басшысы Бұрымбаева Сәлия Серікқызы.

 

Айтпаев Мақсат,

Павлодар облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

медиа қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15