You are here

Павлодарда грек мәдениетінің күні өтті

27.06.2017, 17:42   157

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Өткен демалыста жылсайнғы «Бір отбасында тұрамыз» атты жазғы фестивалі аясында Павлодар қаласының орталық саябағында грек мәдениетінің күні өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары болып облыстық «Эльпида» грек этномәдени бірлестігі атанды. Мерекелік бағдарламаға облыстық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік басшылары, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары атсалысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, халық шаруашылығын тану арқылы адамдар бір-біріне жақындай түседі, тамырларын жайған дархан даланы сүйүге, тарихын ұмытпауға, өнерді түсінуге үйренеді.

Гректердің Қазақстанға алғаш рет келуі әр түрлі оқиғалармен күндерге байланысты. Қазір Гректер Қазақстанның түгелдей дерлік аумақтарына қоныстандырылды. Олар кең даланың жаңа жағдайларына жылдам бейімделіп, өздерінің генетикалық жан-жақтылығы мен еңбекқорлығының арқасында өздерін қызметтің әр түрінде: ауыл шауашылығында, құрылыста, денсаулық сақтау, білім, ғылым жүйесінде және т.б. көрсете отырып, жергілікті халықпен тез тіл табысып кетті.

Облыстық «Эльпида» грек этомәдени бірлестігінің төрайымы Ифандопуло Людмила Петровнаның айтуынша орталық жұмысының маңызды бағыттарының бірі қазіргі және ежелгі грекияның салт-дәстүрлері, ұлттық асхана, мереке, өз халқының әні мен биін таныстыру болып табылады. Еліміздегі бейбітшілік пен достықтың өркендеуіне арқау болып жатқан мерекенің бірі болған іс-шара барысында көптеген билер мен әсем әндер орындалды. Греция мен Қазақстанды мыңдаған шақырым бөліп тұрса да, біріктіретін күш бар, бұл – достық. Ұлы даланың Гомері атанған ұлы ойшыл Абай адамзаттың басты құндылығы – достық  деп айтқан болытын. 

Мерекелік бағдарламаға қатысқан «Эльпиданың» шығармашылық ұжымдары тамыры тереңде жатқа Грекияның мәдениетінен сыр шертті. Халық назарына «Кардьес», «Маргаритари» вокалдық және «Анагениси» би ұжымдарының, сондай-ақ Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі  оқушыларының орындауындағы әсем әндер мен билер, әдемі тақпақтар ұсынылды.

Іс-шара соңында бірлестіктің белсенді қатысушылары алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Марапаттау рәсіміне облыстық ҚХА басшысының орынбасары Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы қатысты. Өнер көрсеткен барлық ұжымдарға шексіз алғыстар айтылып, шығармашылық табыстар тіленді. Содан кейін барлық әртістер және мереке қонақтары қол ұстасып, біртұтас үлкен тізбек болып жұмылып грек халқырың биін орындай жөнелді. 

Айтпаев Мақсат

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15