Павлодарда этномәдени бірлестіктерге облыс әкімінің гранттары тапсырылды

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ертіс өңіріндегі 26 этномәдени бірлестік Павлодар облысы әкімінің гранттарына ие болды. Өңірде қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, келісім мен тұрақтылықты қалыптастыру жолындағы еңбегі үшін наградаларды аймақ басшысы Болат Бақауов Достық үйінде табыстады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-ші сессиясында жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Елбасы 2017 жыл тәуелсіз Қазақстан тарихында еліміз үшін ерекше жыл болып саналатынын атап өтті. – Жүйелі жаңғыру биыл біздің бүкіл жұмыстарымыздың өзегіне айналды. Біріншіден, экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Екіншіден, саяси жаңғыруды бастадық. Үшіншіден, рухани жаңғыруға кірістік,– деді Мемлекет басшысы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бүгінгі күні еліміздің әр аймағында ерекше серпінмен жүзеге асырылуда. Бағдарламаның басты мақсаты ғасырлардан ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәсүрімізді зерделеу, ұлттық кодымызды сақтай отырып қоғамдық сана-сезімге патриоттық сезімді ұялату және заман талабына сай өзгере білу болып табылады. 

Өз сөзінде облыс әкімі Болат Бақауов облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге, елін, туған жерін, тарихы мен салт-дәстүрін жоғары бағалай білетін ұрпақты тәрбиелеп, көптеген іс-шаралардың өтуіне мұрындық болғанын атап өтті. Мұндай іс-шаралардың қатарына жыл бойы өткізілген мәдени-сауық іс шараларды, кездесулер мен ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, қайырымдылық іс-шаралары мен фестивальдерді жатқызуға болады.   

– Уақыт бір орнында тұрмайтыны белгілі, барлығы да өзгегереді, модернизацияланады. Қазақстан халқы Ассамблеясында дамытуды талап ететін жаңа бағыттар пайда болуда және бұл бағыттар өңірімізде сәтті дамып келеді. Олар – қоғамдық келісім кеңестері, қайырымдылық пен медиация. Және де, ең бастысы облысымызды әлеуметтік-экономикалық дамытуға оңтайлы әсер ететін қоғамдық-саяси тұрақтылыққа қол жеткізіп отырмыз, - деді облыс басшысы. Ассамблеяның ұйымдастыруымен мектеп және колледж оқушылары, түрлі этнос өкілдері арасында өткізілген «Ұлы даланың мәңгілік тілі» жобасы, «Туған жер» интеллект-шоуы, «Қазақша сөйлесу оңай» жобасы және мемлекеттік тілдегі патриоттық әндер байқауы өңір жұртшылығы арасында оң пікір туғызғанын атап өтті. Сондай-ақ Болат Бақауов Елордада өткен ҚХА кеңесінде ҚР Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Павлодар өңірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуына облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қосқан үлесін жоғары бағалағандығын тілге тиек етті.

Келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай құттықтаулар айтылып, этномәдени бірлестіктердің белсенді мүшелеріне құрмет грамоталары және алғыс хаттар тапсырылды. «Нұр-Ана ана» әлемі  қоғамдық бірлестігінің мүшесі Әмірғалиева Бақтылы апаға «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі қоғамдық наградасы табысталды.

Айтпаев Мақсат,

Павлодар облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

медиа қамтамасыз ету бөлімінің басшысы 

Дата события Ассамблеи: 
Жұма, 15 Желтоқсан, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.